«БАРЫС» КӨШ БАСТАП ТҰР

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті ойынында жеңіске жетіп, Чернышев дивизионында көш бастады. Қазақ клубы апталық демалысқа жақсы көңіл-күймен аттанды.

Уфалық «Салауат Юлаевқа» қонаққа барған жерлестеріміз нағыз сыннан өтті деуге болады. Негізгі құрамдағы 4 бірдей ойыншысынан айрылу кез келген ұжымға оңайға соқпайтыны түсінікті. Қорғаушы Кевин Даллмэн отбасылық жағдайына байланысты бірнеше ойын қатыса алмаса, шабуылшы Кертис Волк жарақатына байланысты мұз айдынына орала алмай жүр. Ол аздай Уфада өткен ойынның бірінші таймында шабуылшылар Брендон Боченски мен Меттью Фреттин жайсыз соқтығысып, жарақаттанып қалды.

View this post on Instagram

Нападающие "Барыса" Мэтт Фрэттин и Брэндон Боченски столкнулись друг с другом в концовке первого периода гостевого матча против "Салавата Юлаева", передает корреспондент @Vestikzgram. ⠀ Столкновение на полной скорости случилось в центре площадки во время атаки "Барыса" – в смотревшего на шайбу Боченски въехал Фрэттин, перемещавшийся по льду. ⠀ В итоге оба хоккеиста досрочно отправились в раздевалку и закончили матч: Боченски смог избежать удара в голову от партнера и покинул лед сам, а Фрэттину, который ударился головой, помогли встать партнеры, передавшие его в руки врачам. ⠀ После стартового периода счет в игре равный – 1:1. Игра проходит в Уфе, а для "Барыса" этот матч – первый в статусе лидера дивизиона Чернышева. ⠀ #хоккей #khl #кхл #icehockey #hockey #барыс #хкбарыс #hcbarys #barys #живихоккеем #кубокгагарина #барысперезагрузка #kz #kaz #kazakhstan #казахстан #астана #astana #barysastana #sport #спорт #боченски #фрэттин #салаватюлаев #уфа #ufa

A post shared by Vestikz (@vestikzgram) on

Осындай сын сағатында сыр бермеген жерлестеріміз азулы қарсыласынан жеңісті жұлып әкетті. Әуелі Сергеев есеп ашып (1:0 — 07:13) «Салауат Юлаевты» алға шығарған. Көп ұзамай Михайлис мергендігімен танылып, есепті теңестіріп кетті (1:1 — 08:00). Ал екінші таймда Петерссон соққан (1:2 — 32:37) шайбадан кейін «Барыс» алға шыққан еді. Алаң қожайындары да жылдам жауап қатты. Шабуылды түйіндеген Умарк болатын (2:2 — 33:06). Бұдан кейін ойынның негізгі уақытында қарсыластар қақпашыдан айласын асыра алмады.

Есесіне қосымша уақытты «Барыс» сәтті пайдаланды. Дицтің тамаша пасынан соң қақпашымен бетпе-бет шыққан Петерссон бұл ойындағы екінші шайбасын соғып (2:3 — 60:28), командасына жеңіс сыйлады.

Екі күн бұрын финдік «Йокеритті» 8:2 есебімен тас-талқан еткен «Барыс» Чернышев дивизионында көш бастаған еді. Бәсекелестеріне бұл жолы да қуып жетуге мүмкіндік бермей, толық 2 ұпайды олжалады. Барлығы 56 ойында 79 ұпай олжалаған қазақ клубы Шығыс конференциясында екінші орында келеді.

Айта кетейік, «Барыс» келесі ойынын ақпанның 12-сі күні өткізеді. Бұл күні Астанаға «Сібір» қонаққа келеді.

Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ.

Фото: hcbarys.kz 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған