БАНКОМАТТАҒЫ АҚШАНЫ ШЕШІП АЛУДЫҢ АСА ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖОҚ

Енді банкоматтағы ақшаларыңызды шешіп алуға асығудың аса қажеттілігі жоқ. Себебі 6 сәуірден бастап, Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастайды. ​Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Құрметті қала тұрғындары!

2020 жылғы 6 сәуірден бастап, Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастайды. ​

Тұрғындар картасымен базарлар мен сауда орындарында төлем жасай алады.​

Банктік картасы жоқ азаматтар​ банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алады. Дайын картаны банктер үйлеріңізге​ жеткізіп береді.​

Сондықтан банкоматтағы ақшаларыңызды шешіп алудың аса қажеттілігі жоқ.

Карантин кезінде қолға алынған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Біз​ уақытша қиындықты бірге еңсеретін боламыз!»

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған