БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРҒАН

Қарағанды қаласындағы балабақшалардың бірінде туберкулезбен ауыратын тәрбиеші жұмыс істеген. Бұл жөнінде  eKaraganda.kz сайтында жарияланды.

Қарағанды қаласындағы  балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналары біраз уақыт бойы балаларымен туберкулезбен ауыратын педагог жұмыс істеген деп дабыл қақты.

«Толағай» мемлекеттік балабақшасында тәрбиешілердің бірінен  2018 жылдың 19  желтоқсанында туберкулездың ашық формасы анықталған. Бұл жөнінде ата-аналарға 2019 жылдың 14 қаңтарында ғана хабарлаған. Балабақша әкімшілігі ешқандай шара қолданбаған: балабақша карантинге жабылмаған, балаларға манту сынамасы жасалмаған»,- деп  редакцияға хабарласқан.

Ал Қарағанды облыстық денсаулық басқармасы ата-аналарды сабырға шақырып, бұл мәселе о бастан бақылауда екенін айтты.

«Расында 2018 жылдың желтоқсан айында тәрбиеші емханалардың біріне денсаулығына байланысты қаралған. Оны тексеруден өткізген соң бірден облыстық туберкулезге қарсы  диспансерге емдеуге жіберген. 20 желтоқсан күні біздің мамандарымыз барып, отбасын тексеруден өткізді. Келесі күні балабақшаға барып тәрбиеші жұмыс жасайтын топтағы балаларға тексеру жұмыстарын жүргізген. 22 баланың денсаулығы жақсы, ешқандай қауіптің жоқ екені анықталды, қалған сегіз баланың талдаулары кештеу алынғандықтан енді белгілі болады. Себебі, желшешекке байланысты карантин жарияланған болатын», – деді  оқиғаға байланысты хабарлама берген ведомство бастығының орынбасары Асқар Хорошаш.

Сондай-ақ, балалармен қарым-қатынас кезінде тәрбиешінің туберкулездің ашық формада екенін де жоққа шығарды. Тәрбиешінің бұл жағдайын балабақша әкімшілігінің ата-аналардан не үшін жасырғаны жөнінде де айта келіп:

«Дәрігерлік құпия деген бар. Мұндай ақпараттарды,соның ішінде туберкулезбен ауыратындығы жайлы айтылмауы тиіс, бұл жөнінде  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде де жазылған»,- деді.

Анықталғанындай балабақша тәрбиеленушілерінің бірінің анасы тәрбиеші қаралған  емханада жұмыс істейтін болып шықты. Өз қызметі арқылы ресми құжаттарға қол жеткізе отырып, ол тәрбиешінің денсаулығы  туралы біліп, бұл ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялаған.  Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, егер бұл факт расталса онда, емхана қызметкерінің жазалануы да мүмкін екенін Асқар Хорошаш тілге тиек ете кетті.

Өз жағдайының таралып кеткенінен хабардар болған тәрбиеші, өзінің заңды құқығын заң аясында  сот арқылы қорғамақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған