БІР АЙ БОЙЫ КЕЗЕГІМЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРСЕТІЛЕДІ

Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты «Зекет» қоры және Кувейт мемлекетінің «Дүние жүзілік қайырымдылық» қорының Қазақстандағы өкілдігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді. Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайырымдылық шара аясында Кувейт мемлекетінің «Дүние жүзілік қайырымдылық» қорының Қазақстандағы өкілі, доктор Ясир Мухаммад Али мырза және ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтар құттықтау сөз сөйлеп, ыстық лебіздерін білдірді.

Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша 5500-ден астам жағдай төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар тіркелген болатын. Сол азаматтарға бір ай бойы кезегімен қайырымдылық көрсетіледі. Соның бір парасы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» атындағы орталық бас мешітінде 90 отбасыға азық-түлік және қаржылай көмек берілді. Атап айтқанда, құрма, 3 кг ет, 25 кг ұн, 5 кг қант, 5 кг күріш, 5 кг макарон, тұз, шәй, 2 литр өсімдік майы т.б.

Осы орайда, қайырымдылық шараға қолдау көрсеткен жомарт жандарға Алла разы болсын дейміз!

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған