АЙТЫС БҮГІНГІ ЗАМАННЫҢ КЕЛБЕТІНЕ ҚАРАЙ ИКЕМДЕЛМЕК

«Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты Республикалық тур 25 сәуірде Талдықорған қаласында басталып, кештер легі Семей, Павлодар, Ақтау, Қарағанды, Жаңаөзен, Петропавл, Орал, Тараз – бас-аяғы 22 қалада жалғасын табады деп жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Мәдениет және cпорт министрлігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады.

Жоба жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы,  еліміздің белгілі айтыскер ақындары Балғынбек Имаш, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғақов баяндады.

– Бұл ауқымды жобаның ең басты мақсаты – қазақ халқының арасында, қазақ жерінің түкпір-түкпірінде айтысты кеңінен бағыштау. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген басымдықтар қазақ халқының төл өнеріне, фольклорына қатысты. Ал соның ішінде айтыс өнері ерекше орын алады. «Ұлы дала ән мен жыры, Ақындықтың жеті қыры» жобасының аясында айтыс өнерінің өткеніне тағзым беріліп қана қоймай, қоғамдық сананы модернизациялау барысында айтысты бүгінгі заманның келбетіне қалай икемделетіні, жаңғыруына қандай үлес қосатыны ашылады, – деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

«Ұлы дала ән мен жыры, Ақындықтың жеті қыры» жобасының аясында айтыс өнерінің өткеніне тағзым беріліп қана қоймай, қоғамдық сананы модернизациялау барысында айтысты бүгінгі заманның келбетіне қалай икемделетіні, жаңғыруына қандай үлес қосатыны ашылады. Жиырма екі қалада орын алатын ғаламат ән мен жырдың шеруі шоу элементтерін қамтиды. Демек, жиынның, той-томалақтың деңгейінен айтыс ауқымды аудиторияның қабылдауына лайық толыққанды мәдени шара ретінде көтеріледі.

Сонымен қатар, республикалық турдың аясында 1 мамыр күні Алматы қаласында, AlmatyArena мұз айдынында айтыскер ақын Балғынбек Имаш өнер жолының жиырма бес жылдығына арналған мерекелік концертін өткізеді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған