АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖЫЛ СОҢЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ұлттық теннис орталығы аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер «АлемСтрой – 1» ЖШС абаттандыру жұмыстарын мамыр айында бастаған болатын. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан нысанды аралап көрді. Бүгінде демонтаж және аллея автосуғарғышын орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Мұнда қосымша жаңадан 4 корт, көрермендер үшін шатырымен трибуна, сквер және келушілерге арналған автотұрақ болады.

Мердігер компания басшылары әлеуметтік нысанды жыл соңында пайдалануға беруді жоспарлауда.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған