АӘК АЛУ ҚҰҚЫҒЫНАН ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА АЙЫРЫЛАДЫ?

Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған белсенді жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алу құқығынан айырылатын болады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Сондай-ақ, бала күтімімен айналысатын анаға, бала үш жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу міндеті қойылады.

Учаскелік комиссиялар жұмысы және жауапкершілігі күшейтіледі. Заң жобасында учаскелік комиссиялар үшін атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын анықтау тәртібі бекітіледі, сонымен қатар учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша мұқтаж емес отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайтын болады.

АӘК-ке үміткер отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды жасау үшін мерзімді үш күннен жеті күнге дейін ұзартылған.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған