МАҚТАНЫҢ КЕЛІСІН 150 ТЕҢГЕДЕН ҚАБЫЛДАУДА

Түркістан облысында мақтаның тоннасы 150 мың теңгеден қабылдана бастады. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Түркістан облысы бойынша ағымдағы жылы 131 мың гектар алқапқа мақта дақылы егіліп, 343,6 мың тонна шитті мақта жинау жоспарланған. Өңірде әзірге 25,8 мың тонна шитті мақта жиналған. Ол жалпы қордың 8%-ы.

Аймақта қайта өңдеумен айналысатын 16 зауыттың 7-сі шитті мақтаның 1 тоннасын 150 мың теңгеден қабылдауды бастады. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

Сондай-ақ,  облыс аумағында жиналған шитті мақтаны алғашқы өңдеуден өткізетін 16 лицензияланған мақта өңдеу кәсіпорындарында 184 қабылдау бекеттері жұмыс істеуде.

– Шаруаларды қолдауға орай, өнімдерге субсидия төленетін болады. Бұл бағытқа 1,9 млрд.теңге қаржы қаралған. Мәселен, мақта өніміне субсидия алу үшін мақта өңдеу зауытына қайта өңдеуге тапсырылған шитті мақтаның 1 тоннасына 12 мың теңге төленсе, қайта өңдеуге тапсырылған немесе сәйкестік сертификаты бар өңдеуге өткізілген күріштің 1 тоннасына 4 мың теңге субсидия беріледі, – деді Нұрбек Бақтыбайұлы.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған