19 ҚАЗАН – ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ

«19 қазан – Құтқарушылар күні» мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері мен қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өтті. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған жарысқа 18 команда қатысты. Жарыстың ережесі бойынша 35 жастан асқан қызметкерлер мен ардагерлер қатысты. Ең үлкен жарысқа қатысқан ардагердің жасы 66-да.

Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынды Түркістан қаласының құрама командасы, 2-орынды Түлкібас ауданының құрама командасы, 3-орынды Сайрам ауданының құрама командалары иеленді. Сонымен қатар, келесі номинациялар анықталып, марапатталды: «Үздік қақпашы» Е.Нұрымбетов, «Үздік қорғаушы» Д.Бейсеуов, «Үздік шабуылшы» Б.Есіркепов.

Тартысты ойынға қатысушылардың барлығы физикалық және техникалық дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен, кубокпен марапатталды. Жарыстың мақсаты – өскелең жас ұрпақты спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған