ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАЙТЫН МЕКЕМЕ

Біздің жұмысымыз, яғни мамандығымыз үнемі қазақ тілін дәріптеу, мемлекеттік тілде сауатты болуға үндеу, білгенімізбен бөлісіп жүруден тұратындықтан сан түрлі мекемелерді көреміз. Рас кей мекемелерде қазақ тіліне, яғни мемлекеттік тілге қырын қарайтындар да табылып тұрады. Ал бұл жолы мен тілімізді құрмет тұтатын мекеме қызметкерлерін тілге тиек еткім келеді. «Kegoc» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиал қызметкерлерінің тілдің дамуы жайлы ой-пікірлері мен қосқан үлесі жайлы жаза кетуді жөн деп санадым. Себебі, бұл мекемеде қазақ тіліне деген, оны үйренуге деген ұмтылыс құрмет ерекше.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі: бірі — тіл, бірі —ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз өсиет еткендей, тіл-халықтың жан жүрегі, оның күллі рухани-имандылық, табиғи-құқықтық ырыс-игіліктерінің негізі. Тіл — асыл мұра, көненің көзі, бабалар сөзі ғана емес, халықтың өзі. Тіл мәселесі —мәңгілік тақырып. Қай ұлтта, қай елде болса да,» Тіл қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы—әр халықтың ұлттық мақтанышы.«Адамзатты сақтаудың, ұлтты қорғаудың басты жолы — тілді дамыту, қорғау десек, әсте қателеспейміз деп ойлаймын. Біз өмір сүріп жатқан заманда тек тілді үйренумен шектелмей, бүгінгі тіл үйрету әдістемесінде үйреніп отырған тілді сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетімен байланыстыра үйреткен дұрыс деп ойлаймын,»-дейді мекеме қызметкері Абирова Алия
Осы мекеменің маманы Атишева Кәмшат тіл жайлы өз пікірін: «Әлемдік байланыста қарым-қатынасқа түсу үшін саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тұрғыдағы таным-түсініктердің болуы маңызды рөл атқарады.
Халқымыздың тарихын да тіпті, халықтың ойлаудың қалыптасуын да біз тек тіл арқылы анықтай аламыз. Тілдің жоғалып кетпеуіне өз үлесімді қосу үшін қызмет етемін,» -деп білдіреді.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАЙТЫН МЕКЕМЕ

Кошқарова Адия, өзінің қазақ тілі жайлы көзқарасын: «Мемлекетімнің тілін еркін меңгеріп, ойлай алуыма септігін тигізеді деп, қазақша кітаптарды оқуды қолға алдым. Ұлт ұстазы—Ахмет фильмін көрдім. Ұнады.» -деп қортындылады.Көкен Нұрбол, осы мекеменің заңгері, сабақ барысындағы тапсырмаға жауабы: «Министрлердің, депутаттардың, әкімдердің және басқа да мемлекеттік қызметкерлердің ресми сөздерінің барлығы қазақ тілінде болу керек.»
Ол осы тақырыбына байланысты талқылауда:

ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАЙТЫН МЕКЕМЕ

«Бизнесті жүргізуге және жоғары оқу орындарына гранттар алу үшін қазақ тілін білуге конкурстар өткізу. Барлық бағдарламалар мен фильмдер қазақ тілінде болатын барлық жастағы және аудиторияның қызығушылығына арналған қазақ тіліндегі ұлттық телеарналарының желісін құру. Орыс тілді сыныптарда екі тілде орыс және қазақ тілдеріне аудару. Міндетті түрде қазақ тілінен емтихан тапсыру арқылы келесі сыныпқа көшу.Жұмысқа орналасу кезінде қазақ тілін білуге міндетті тестілеуден, сондай-ақ біліктілікті арттырудан және қазақ тілін білу деңгейіне сәйкес санаттардан өтеді. Мемлекеттік органдарға ресми өтініштердің барлығы қазақ тілінде болуы керек. Осыған орай, нотариустарды мысалға ала отырып, осы қызметтерді көрсетуге бекітілген прейскурантпен қазақ тіліне ресми аудармашы ретінде лицензиялар беру.
Қазақстан Республикасының аумағында қазақ тілін кемсіткен жағдайда кінәлі адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады…, деген сияқты өз ойларымен бөлісті.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАЙТЫН МЕКЕМЕ

Ал өзге ұлт өкілі болса да қазақ тіліне деген ықыласы ерекше Людмила Пономарева: «Мемлекетіңнің тілін білу, оны құрметтеу – ол біздің парызымыз. Егер қазақ тілін біліп, сол тілде сөйлесе алсаң, ойлай алсаң онда мәдениетті де бола аласың,» деп пікір жазған ол өзінің «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбына жазған әңгімесінде біраз дүниеге тоқталған екен, оқи отырып риза болдым. Жұмысының бірнеше пайдалы жақтарын дәлелдей айтып, сол үшін де пайдалы мамандығыммен мақтанамын деп аяқтапты. Людмиланың әңгімесін тыңдай отырып, жақсы көріп кеттім. Жалпы барлық тыңдаушыларымды отбасым, бауырларымдай жақсы көремін. Мемлекетіміздің тілін дамытудағы еткен еңбектеріңізге алғыс.


Гүлшахар Өтебайқызы,
Шымкент қалалық
Тілдерді оқыту-әдістемелік орталық оқытушысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған