«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЖАЙ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЕМЕС»

– дейді Қазақстан Республикасы ТЖМ Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Сырлыбайұлы ЖҮНІСОВ

Қазіргі таңда еліміздегі және облысымыздағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытында қыруар жұмыстар атқарылуда. Күн демей түн демей өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою бағытында үздіксіз қызмет етуде. Төтенше жағдайлар қызметінің қоғамымыз үшін маңыздылығының бір көрінісі олар жылдың төрт мезгілінде де қарап отырмайды. Жыл он екі ай төтенше жағдаймен және оның алдын алумен, салдарымен күресумен айналысады. Оның сыртында мезгіліне қарай түрлі төтенше жағдайлар өршіп кеткен кезде жұмыстары тіпті қауырт. 

Қазақстан Республикасы ТЖМ Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Сырлыбайұлы ЖҮНІСОВ мырзамен әңгімеміз де осы төңіректе және бүгінгі күні ең өзекті мәселелердің бірі болып отырған – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болды.

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЖАЙ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЕМЕС»

– Нұрғали Сырлыбайұлы, күннің ыстық болуына байланысты биылға жаз айлары Сіздер үшін жайлы өтті дей алмаймыз. Бүгінгі таңдағы атқарылып жатқан жұмыстарыңызға тоқталып өтсеңіз…

– «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің штат бойынша 1521 қызметкер, оның ішінде 234 офицерлік қызметкер, 13 әкімшілік қызметкер, 1098 сержанттық қызметкер, 84 азаматтық қызметкер. Иә, қызметкерлеріміз бен мамандарымыз қандай да болсын төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша еңбек етуде шаршамайды.

– Аты айтып тұрғандай, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін мамандармен бірге материалдық-техникалық жағдаймен қамтылу мәселесі де алдыңғы орында болуды талап етеді. Бұл мәселеге не айтасыз?

– Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық жабдықталуы 67 % құрайды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылғы 06 қыркүйектегі «Кәсіби авариялық-құтқару құралымдарын жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» № 429 бұйрығына сәйкес департаменттің материалдық-техникалық жабдықталуы бойынша есептегенде жалпы 304 бірлік болуы қажет, оның ішінде негізгі өрт сөндіру автокөліктері 174 бірлік, арнайы 33 бірлік, көмекші 97 бірлік.

Қазіргі таңға Қызмет меншігінде жалпы 206 бірлік техникалары бар. Оның ішінде, негізгі өрт сөндіру автокөліктері 119 бірлік арнайы 14 бірлік, көмекші 73 бірлік. Сонымен қатар, облыс аумағында 18 өрт сөндіру бөлімдерімен 22 өрт сөндіру бекеттері бар.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұйымдастырушылық-штаттық мәселелер туралы» 2022 жылғы 6 қаңтардағы №4 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жаңадан құрылды. Штаттық саны 95 бірлік.

– Жаңадан құрылған бөлімге қызметкерлерді қабылдау мәселесі қалай шешіледі?

– Жаңадан құрылған №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімін жабдықтау үшін 2022 жылдың басынан бос лауазымдық орындарға қызметкерлер алу бойынша 5 конкурс өткізіліп, 48 бірлік өрт сөндіруші-құтқарушы, 7 бірлік өрт сөндіру автокөліктерін жүргізуші-қызметкері, 4 бірлік радиотелефонист қызметке қабылданды. Аталған бөлімнің орта және кіші басшы құрамы, аудандық бөлімдерінде қызмет атқарып жүрген тәжірибелі қызметкерлерінен жасақталды.

Түркістан қаласында Кентау 048 квартал трассасы бойында сейсмикалық белсенділігі 7 балл болатын IVA IVГ климаттық кіші аудандарға арналған II үлгідегі 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосының кешенін салу» нысаны бойынша құрылыс жүргізілуде.

Азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын болдырмау мәселелері жиі талқыланады. Бос орындарға конкурс жариялануы – бұл да болса мемлекет басшысының «бұл салада нағыз кәсіби мамандар жұмыс істеуі керек» деген тапсырмасына орай, олардың қоғам талабына сай болуы үшін өткізіліп жатқан шаралардың бірі деп айта аламыз.

Нұрғали Сырлыбайұлы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде негізгі мақсат – жемқорлықтың тамырына балта шабу, оны түбегейлі жою. Бұл жұмысты еш созбалаққа салмай, қарқынды түрде жүргізу қажет деді. Ендеше, Президент алға қойған бұл міндеттің орындалуы қай деңгейде? 

– Бізде халықтың сана-сезімінде сыбайлас жемқорлық түсінігі дұрыс қалыптаспаған. Кез-келген мәселе туындай қалса, кішкене ақша ұсынып, жазадан оңай құтылып кетудің жолдарын іздейміз. Міне, нағыз тұрмыстық сыбайлас жемқорлық! Бұл орайда, пара беруші де, алушы секілді заң бұзушы болып саналады. Яғни, біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білуіміз керек. Түсіндірме жұмыстарын жүргізген уақытта бізден көптеген адамдар «жемқорлық неге көп?» деп сұрап жатады. Ал өздері соның бір мүшесі болып жүргендерін мойындағысы келмейді. Кейбір жерлерде заң бойынша өзімізге тиісті нәрселерді талап ете алмайтындығымыз да бар. Менің ойымша, сыбайлас жемқорлықты жеңу үшін алдымен цифрландыру керек деп есептеймін. Екінші, өзім айтып кеткендей, адамдардың сана-сезімін өзгерту керек, миымызда жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырғанымыз дұрыс.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек деп атап көрсеткен болатын. Осы мәселедегі көзқарасыңызды білсем деймін…

– Осыған байланысты қолданыстағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 43-бабының 4-бөлігіне төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін мынадай: бағынысты адам жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамаудағы немесе тиісінше орындамаудағы кінә арасындағы байланыс анықталған;

бағынысты адамға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы не сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі тоқтатқан жағдайлардың жиынтығы кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болатындығы бекітілді.

2022 жылдың 7 айы қорытындысы бойынша Департаментте сыбайлас жемқорлық көріністерімен байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол берілген жоқ.

Департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ресми интернет-сайтта «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімінде барлық қажетті ақпарат орналастырылған. Интернет-сайтты 51 өзекті ақпаратпен толтыру бойынша мониторингілеу және түзету ай сайын жүргізіледі.

Өркениетті дамытқысы келетін, ортасын құрметтейтін әр азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет. Өйткені сыбайлас жемқорлық тәсімінде параны көбірек беруші ғана жеңіске жетеді, бір қорқыныштысы – сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана сезіміне залал келтіріп, дүниетанымдарын бұзады. Мұндай жағдайларды бей-жай қалдырмау қажет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру қажет. Бұл біздің және болашақ ұрпақ үшінде өте маңызды олар болашаққа сеніммен біліммен қарауы қажет «ауырдың астымен, жеңілдің үстімен » деген ой түймеуі керек. Өз білімдеріне еңбектеріне сенімін артыруға біз көмектесуіміз қажет. Өз құқығымызды қандай жағдай да қорғау әрі қоғам дертіне күресуде балаларымызға бойына сіңіруіміз қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.

– Нұрғали Сырлыбайұлы, жемқорлықпен күрестің ең нәтижелі құралдарының бірі мәліметті беруді цифрландыру болып табылады. Сол жолға түсіп те келеміз. Казіргі таңда мемлекеттік қызметтің басым бөлігі электронды форматта көрсетілуде. Сол арқылы мемлекеттік қызметкердің қызмет алушымен тікелей қарым-қатынас орнатуына жол берілмейді. Бұл да жемқорлықпен күрестің бір жолы дегенге сенесіз бе?

– Сыбайлас жемқорлыққа ең алдымен адами фактор әсер етеді. Яғни қызмет көрсетуші мен алушының арасында тікелей байланыс болмаған жағдайда жолдан тайғандар да болмайды. Осы мәселеге ел Президенті де ерекше назар аударып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде мән беруді қажет ететін маңызды бағыттарды алға тартқан еді. Сол кезде Президент атап өткен сегіз бағыттың екіншісі елдегі сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде болды. «Жемқорлық-мемлекеттің дамуын тежейтін кесел». Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз, деді Қ.Тоқаев.
Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында «Естуші мемлекет» тұжырымдамасы, барлық азаматтардың үндеулеріне жедел әрі тиімді жауап беруге бағытталуы керек деп талап қойды. Сондай-ақ, Президент мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы қарым-қатынастың жүйелі түрде болуын тапсырды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 2 ақпандағы жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын бекітті. Құжатта ағымдағы жағдайға талдау жасалып, алдағы жылдарда шешілетін міндеттер айқындалған. Тұжырымдама зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге тұтастай алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлық экономикалық және беделі жағынан тиімсіз болатын жағдайларды жасауға бағытталған. Осы бағытта қандай жұмыстар жасалуда?

– Бұл тұжырымдама ұжымның сыбайлас жемқорлықпен күрестегі басты құжаты десек болады. Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша Департаментте ағымдағы жылы наурыз айында жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Самет Нұрдәулет Ильясұлының қатысуымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын жеке құрамға таныстырды.

Департамент тарапынан ҚР азаматтық қорғау органдарының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы бекітілді.

Соның негізінде келесі іс-шаралар өткізілді:

– Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бұйрықтары құрылымдық және бағынышты бөлімшелерде практикалық қызметті зерттеу және қолдану үшін жолданды;

– Басқарма, бөлімнің жеке құрамына қызметтік мінез-құлықтың жалпы қағидаттары, сондай-ақ азаматтық қорғау органында сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда кінәлілерді жауапқа тарту туралы ақпарат жеткізілді;

– ай сайын Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық сервистік орталығымен қызметкерлер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жағдайларын салыстырып тексеру жүргізіледі фактілер анықталған жоқ);

– жеке құрам (қол қойып) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, лауазымдық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарымен танысты.

– Нұрғали Сырлыбайұлы, талаптармен таныса отырып, қабылданған шараларға тоқталсаңыз…

– Мемлекеттік қызмет лауазымына орналасу олардың бірінің екіншісіне тікелей бағыныстылығымен байланысты болса, жақын туыстықтағы немесе меншіктегі адамдардың мемлекеттік қызмет өткеруін болғызбау бойынша шешім қабылданды.

Департаментте сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында басқармалар мен дербес бөлімдердің басшыларына, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің басшыларына ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын жеке құраммен қосымша зерделеу үшін ақпарат жеткізілді.

Департаментпен құқық бұзушылық профилактикасы бойынша бірқатар кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды.

Мәселен, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Департаменттің барлық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, онда нормативтік құқықтық актілерге және ұйымдастыру-басқару қызметіне ерекше назар аударылды.

Жыл басынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша баспа беттеріне – 32, бұқаралық ақпарат құралдарына шығу – 48, дөңгелек үстелдер-56, «Аманат» партиясымен бірге 64 рет іс-шаралар өткізілді. Департамент тарапынан басқарма, бөлім басшылары өздерінің салалары бойынша қызметтерінің негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру мақсатында 7 рет онлайн форматта брифингтер өткізілді. Брифинг барысында қойылған сұрақтарға толық қанды жауаптар берілді.

Қызметке (жұмысқа) қабылдау кезінде міндетті түрде лауазымды адамдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әңгімелесу жүргізіледі, сондай-ақ болашақ қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтауға бейімділік тұрғысынан психологиялық қызмет мамандарынан психологиялық тестілеуден өтеді.

Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Сондықтан, қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Бүгінгі күні мемлекет басшысының тапсырмасымен өткізіліп жатқан бұл шаралардың барлығының елімізде төтенше жағдайлардың алдын алуда маңызы зор екені анық. Демек еліміздегі табиғи және техногенді апаттардың, төтенше жағдайлардың да азая берері анық. Өйткені төтеншеліктердің түрлі бағыттағы кешенді жұмыстарының өз нәтижесін берері ақиқат.

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Ұлықбек ТҰҢҒЫШБАЕВ,

Қазақстан Республикасы «Жемқорлықпен күрес –

Борьба с коррупцией» газетінің бас директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған