ЖЕҢІЛМЕГЕН ЖІГІТТЕРГЕ ЖАНКҮЙЕР БОЛЫҢЫЗ!

Жанкүйерлерін тең жеңісімін қуантып жүрген кәсіпқой боксшы Мадияр Ашкеев (10-0, 6 КО) өзінің кезекті жекпе-жегі жайлы хабарлады.

«Барлықтарыңызды Мейiрiм Нұрсұлтанов пен менiң қатысуыммен ɵтетiн кезектi бокс кешiнiң куəгерлерi болуға шақырамыз. Жекпе-жек 11 қаңтар күнi Калифорния штатының Санта Инес қаласында ɵтедi» делінген инстаграмм парақшасында.

View this post on Instagram

Барлықтарыңызды Мейiрiм Нұрслтанов пен менiң қатысуыммен ɵтетiн кезектi бокс кешiнiң куəгерлерi болуға шақырамыз. Жекпе-жек 11 қаңтар күнi Калифорния штатының Санта Инес қаласында ɵтедi. ———————————————————————Приглашаем всех быть свидетелями очередного вечера бокса с участием Мейирима Нурсултанова и меня. Бой состоится 11 января в города Санта Инес, штат Калифорния. ———————————————————————We invite everyone to witness the next evening of boxing with Meirim Nursultanov and me. The fight will take place on January 11 in the city of Santa Ines, California. ——————————————————————- Барлық сұрақтар бойынша 213 286 77 64 нɵмiрiне хабарлассаңыздар болады. По всем вопросам можете обратиться по номеру 213 286 77 64 Any questions call 213 286 77 64 @u.kosanbay @baiysbekova @meiirim01 @klimasmanagement @main_events @boxing_laboratory

A post shared by Madiyar Ashkeyev (@madiyarashkeyev) on

Айта кетейік, Мадияр Ашкеев бірінші орта салмақта пуэрторикалық Луис Эрнандеспен (16-6, 9 КО) жұдырықтасады. Ал Мейірім Нұрсұлтанов америкалық Трэвис Скоттпен (19-4, 5 КО) сынға түспек. Екі кездесу де 8 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, қос жерлесіміз де бұған дейін жекпе-жектерін наурыз айында өткізген. Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де өткен бокс кешінде Ашкеев алғашқы раундта доминикалық Хосе Антонио Абреуді техникалық нокаутпен жеңген еді. Сол күні Нұрсұлтановтың мексикалық қарсыласы Алехандро Торрес алтыншы раундта тізе бүккен болатын.

Мирас ӘСЕМ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған