ҚОС ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕҢІСІ

Кеше ғана «Жеңілмеген жігіттерге жанкүйер болыңыз!» деп хабарлаған жерлестеріміз бүгін Америкада жекпе-жек өткізді. Калифорниядағы Санта-Инесте төрінде қазақ боксшылары кезекті жеңістеріне қол жеткізді.

Әуелі Мадияр Ашкеев қарсыласы Пуэрторикалық Луис Эрнандесті төрешілер шешімімен жеңді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісі. Ал Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласына мейірімділік танытқан жоқ. Мексикалық Рамон Агинаганы екінші раундта сұлатып түсірді. Бұл кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізген Мейірімнің сегізінші рет уақытынан бұрын жеңіске жетуі.

Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған