«МОЙНЫМЫЗДА ТАУДАН АУЫР ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК БАР»

Күні кеше жастар арасында бірінші орта салмақтың WBC нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанған жерлесіміз, кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов еліне бір ауыз сөз арнап, инстаграмм парақшасы арқылы жолдаған еді. Жеңімпаз жігітті құттықтаушылардың арасында оның жолдағаны не мағына беретінін түсінбегендер көп болыпты. Осыны ескерген батырымыз өз ойын кеңінен өрбітіп, қайта ортаға салған екен, оқи отырыңыз.

«Ассалаумағалейкум қазақ елі! Бүгін Алланың қалауымен, өз халқымның қолдауымен əлемдік бокстағы WBC дəрежесі бойынша Əлем чемпионы атағына қол жеткіздік! Сіздердің маған деген дұғаларыңызға, қолдауларыңызға алғысым шексіз! Ең бірінші еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

2018 жыл қазақ еліне өте ауыр жылдардың бірі болды. Қоғам қайраткері, жазушы Шерхан Мұртаза атамыздың, қазақтың маңдайында біткен жарқыраған жұлдызы, патриоты Денис бауырымыздың өмірден өтуі еліміз үшін ауыр соққы болса, Геннадий ағамыздың біз күтпеген жерден жеңілуі қаншама қазақ жанкүйерлерін жылатты. Əрине, атамыз Шерхан Мұртаза жəне патриот Денис бауырымыздың орнын еш амал толтыра алмайды, Алланың ісі. Бұл жеңісімізді сол кісілердің өмірден озуы, Геннадий ағамыздың жеңілуі жəне елімізде өзгеде орын алған қайғылы оқиғадан соңғы қазақ халқының көз жасына арнаймын!

Еліміздің болашағына алаңдайтын қазақ жастарымыз, ағаларымыз барда, ол кісілердің елімізге арнаған еңбегі зая кетпеді деп айта аламын! 2019 бұл – жастар жылы! Еліміздің жастары, мына біздерге еліміз үлкен үміт артуда жəне біздің мойнымызда таудан ауыр үлкен жауапкершілік бар! Өмір бойы қазақ деп, еліміздің дамуында өмірін қиған атамыз Мұстафа Өзтүріктің «мен спортта чемпион болсам, сендер білім жолында чемпион болуға қызығыңдар» деген сөзі жəне кезінде осыдан 3 ғасыр бұрын қазақ ханы Абылай хан атамыздың «білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» деген сөздері қазіргі таңда өте өзекті. Сондықтанда сол өсиеттерді басшылыққа алып, әрдайым білім алуға, елімізді дамытуға, əлемге танытуға ұмтылайық! Шын мəнісінде еліміздің болашақта қандай болуы ол біздің қолымызда!».

View this post on Instagram

Ассаламуағалейкум қазақ елі! Бүгін Алланың қалауымен, өз халқымның қолдауымен əлемдік бокстағы wbc дəрежесі бойынша əлем чемпионы атағына қол жеткіздік! Сіздердің маған деген дұғаларыңызға, қолдауларыңызға алғысым шексіз! Ең бірінші еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! 2018 жыл қазақ еліне өте ауыр жылдардың бірі болды. Қоғам қайраткері, жазушы Шерхан Мұртаза атамыздың, қазақтың маңдайында біткен, жарқыраған жұлдызы, патриоты Денис бауырымыздың өмірден өтуі еліміз үшін ауыр соққы болса, Геннадий ағамыздың біз күтпеген жерден жеңілуі қаншама қазақ жанкүйерлерін жылатты. Əрине атамыз Шерхан Мұртаза жəне патриот Денис бауырымыздың орнын еш амал толтыра алмайды, Алланың ісі. Бұл жеңісімізді сол кісілердің өмірден озуы, Геннадий ағамыздың жеңілуі жəне елімізде өзгеде орын алған қайғылы оқиғадан соңғы қазақ халқының көз жасына арнаймын! Еліміздің болашағына алаңдайтын қазақ жастарымыз, ағаларымыз барда , ол кісілердің елімізге арнаған еңбегі зая кетпеді деп айта аламын! 2019 бұл жастар жылы! Еліміздің жастары, мына біздерге еліміз үлкен үміт артуда жəне біздің мойнымызда таудан ауыр үлкен жауапкершілік бар! Өмір бойы қазақ деп, еліміздің дамуында өмірін қиған атамыз Мұстафа Өзтүріктің " мен спортта чемпион болсам, сендер білім жолында чемпион болуға қызығыңдар" деген сөзі жəне кезінде осыдан 3 ғасыр бұрын қазақ ханы Абылай хан атамыздың "білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда- қапы қалып жүрмелік" деген сөздері қазіргі таңда өте өзекті. Сондықтанда сол өсиеттерді басшылыққа алып, әрдайым білім алуға, елімізді дамытуға, əлемге танытуға ұмтылайық! Шын мəнісінде еліміздің болашақта қандай болуы ол біздің қолымызда!??❤️

A post shared by SOLDIER OF QAZAQ(S.O.Q) (@sadriddin_____soq) on

Айта кетейік, Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino ойын-сауық орталығында өткен бокс кешінде Ахмедов мексикалық Абрахам Хуаресті төртінші раундта тізерлеткен еді. Жерлесімізге осы жеңіс BoxRec.com рейтингінің 85-орнына көтерілуіне мүмкіндік берді.

Мирас ӘСЕМ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған