ЛОМАЧЕНКОДАН ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫНЫҢ ЕШ ЖЕРІ КЕМ ЕМЕС

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы өз салмағындағы чемпиондарды жекпе-жекке шақырды. Жерлесіміз көп ұзамай белбеулердің өзіне бұйыратынына сенімді.

Кәсіпқой боксқа ауысқалы бері 4 кездесу өткізген Жәнібек барлығында жеңіске жетті. Әдетте кәсіпқой боксқа енді қадам басқан былғары қолғап шеберлері өзін сынап көру үшін шамасы жететіне көзі жеткен осал қарсыласты таңдайды. Әлімханұлы өйткен жоқ. Өзін дәлелдеп үлгерген мықтылармен қолғап түйістірді. Енді аз уақытта чемпиондарға қарсылас атануға ниетті.

«Қалайсыңдар, чемпиондар. Ұтылып қалмаңдар. Жақында әрқайсыңнан өз белбеуімді аламын. Қазір сендер мені тек инстаграмнан ғана көріп отырсыңдар. Жақында рингте бетпе-бет жүздесеміз. Сендерге қазақ бокс стилін көрсетемін. Ол жекпе-жек өмірлеріңдегі естен кетпес жекпе-жек болады, сеніңдер» – деп жазып қойдым.

Менің салмағымның чемпиондары ғой. Бұйыртса көп күттірмеймін. Өзімнің де көп күткім келмейді. Ломаченкодан қазақ боксшыларының еш жері кем емес. Біз де қысқа уақытта чемпиондармен жұдырықтаса аламыз. Бұйыртса аз қалды! Ең бастысы сенім және тынбай жаттығу қажет!» деп жазған Жәнібек Әлімханұлы өзінің инстаграммдағы жеке парақшасына.

View this post on Instagram

Hi, champions. Don't lose, ok? Soon i'll come and take my belt from everyone. Now you are only see me on instagram. Soon you'll see me in the ring in front of you. I'll show you qazaq boxing style ?? Believe me it will be an unforgettable fight in your life. @canelo @danieljacobstko @boobooandrade _______?? "Қалайсыңдар, чемпиондар. Ұтылып қалмаңдар. Жақында әрқайсыңнан өз белбеуімді аламын. Қазір сендер мені тек инстаграмнан ғана көріп отырсыңдар. Жақында рингте бетпе-бет жүздесеміз. Сендерге қазақ бокс стилін көрсетемін. Ол жекпе-жек өмірлеріңдегі естен кетпес жекпе-жек болады, сеніңдер" – деп жазып қойдым. Менің салмағымның чемпиондары ғой. Бұйыртса көп күттірмеймін. Өзімнің де көп күткім келмейді. Ломаченкодан қазақ боксшыларының еш жері кем емес. Біз де қысқа уақытта чемпиондармен жұдырықтаса аламыз. Бұйыртса аз қалды! Ең бастысы сенім және тынбай жаттығу қажет!

A post shared by JANIBEK ALIMKHANULY (@janibek_alimkhanuly) on

Қазір WBC және WBA (Super) белбеулері Сауль «Канело» Альвареске (51-2-1, 35 КО) тиесілі. Ал IBF америкалық Дэниэл Джейкобсте (35-2, 29 КО) болса, WBO белбеуі тағы бір америкалық боксшы Деметриус Андраденің (27-0, 17 КО) еншісінде.

Айта кетейік, Жәнібек келесі жекпе-жегін Американың Техас шататында өткізеді. Ақпанның 2-сіне жоспарланған 8 раундтық кездесуде жергілікті боксшы Стивена Мартинеспен (18-4, 13 КО) өзара мықтыны анықтайды.

Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ.

Фото: kazakh-tv.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған