ГАЛЫШЕВА АЛТЫН АЛДЫ

Жерлесіміз Юлия Галышева Канаданың Калгари қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде топ жарды.

Ақтық сында ол 79,10 ұпайды еншісіне жазған. Франциялық Перрин Лаффон 77,96 ұпай жинап, күміс жүлдеген атанды. Үшінші орын 76,10 ұпай жинаған америкалық Джейлин Кауфқа бұйырды.

Галышева бұл жарысқа үлкен дайындықпен келген екен. Жеңімпаз атану үшін өз жаттығуын қиындата түскенін, енді ұпай бойынша ешкімнен кем түспейтінін айтқан. Лайым солай болсын!

Мирас ӘСЕМ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған