ӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30 тамыз – Қазақстан Республикасының конституция күніне орай ұйымдастырылған Өрт-құтқару спортының жеңімпаздары марапатталды. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨСжАҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі хабарлады.

30 тамыз – Қазақстан Республикасының конституция күніне орай, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы арасында 2022 жылға арналған спорттық іс-шаралар өткізу туралы жоспарына сәйкес, Қызметтің үздік спортшыларын анықтау, іріктеу, командаларды дайындау және олардың спорттық шеберліктерін арттыру мақсатында, жеке құрамның спорттық шеберлігі мен дене шынықтыру дайындығын арттыруға, өрт сөндіру-құтқару спортын Қызметтің құрылымдық бөліністері арасында кеңінен тарату мақсатында, өрт-құтқару спортынан жарыс өткізілді. Жарыс 3 кезеңнен тұрды:

1. Шабуыл сатысымен көтерілу.

2. Жылжымалы 3 иінді сатымен 3-ші қабатқа көтерілу

3. АЦ-автокөлігімен күштермен құралдарды өрістету.

Жалпы командалық есепте бірінші орынды Сарыағаш ауданы, екінші орынды Түркістан облысы, үшінші орынды Аппарат қызметкерлерінен құралған топ командалары жеңіп, сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Жеке есепте жүлделі орын алған спортшылар бағалы сыйлықтармен және дипломмен марапатталды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған