ЕРТЕГІГЕ ТАП БОЛҒАН КІМ?

«Ресейлік «Ростов» футбол клубы Қазақстан құрамасының 20 жасар футболшысымен келісім-шартқа отырды. Келісімнің мерзімі жарияланған жоқ. Transfermakrt футболшыны 1,2 миллион еуроға бағалап отыр» деп жазуда БАҚ өкілдері.

Ал «Eurosport» сайты Қазақстан футболшысы жайлы «Ертегіге тап болды» деп жазады. Сонымен, ертегіге тап болған кім?

«Аяз Гулиевтен айрылып қалған «ростовтықтар» оны алмастыратын ойыншыны тез тауып, қазақстандық «Астана» клубының 20 жасар футболшысы Бақтиер Зайнутдиновты сапына қосты. Жігіт бірден ертегіге тап болды. Валерий Карпинмен бірге суретке түскеннің өзі неге тұрады», деп жазады «Eurosport».

«Астана» футбол клубының спорт директоры Александр Коночкин ресейлік «Ростовтан» да жақсы ұсыныс жасағанына қарамастан, Зайнутдиновтың көрші елдің чемпионатын таңдағанын айтты. Алайда ол үшін ренжімегенін, керісінше, оның болашағын табыстан жоғары қойғанына риза екенін жеткізген.

Айта кетейік, Ресей чемпионатында тағы бір жас ойыншымыз бар. «Уфа» командасының сапында Қазақстан құрамасының футболшысы Еркебұлан Сейдахмет өнер көрсетеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған