УӘДЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТӨРТІНШІ ОРЫНДА

Сайлауалды уәделерді орындау бойынша Түркістан облысы республика көлемінде 4-ші орында. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін өткен «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық мәслихаттағы фракциясының мәжілісінде Аймақтық партия филиалының атқарушы хатшысы Б.Тәжібаев облыстық партия филиалының төрағасы Ө.Шөкеев жүктеген тапсырмалардың орындалуы қатаң қадағалауда екенін атап өтті. Сайлауалды уәделерді орындау бойынша Түркістан облысы республика көлемінде 4-ші орында екенін хабарлап, өз баяндамасында депутаттық рейтинг жүйесі жайлы сөз қозғады.

– Өздеріңізге белгілі, рейтингтік жүйені жүргізу үшін арнайы интернет портал іске қосылып, әр депутатқа жеке кабинет ашылды. Депутаттық қызметтерді растау үшін материалдарды жүктеу және оны бағалау 3 бағытта жүргізіліп жатыр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша алдағы маусым айында барлық фракция мүшелерінің белсенділігі жайлы мәліметтер жарияланатын болады, – деді фракция жетекшісі.

Сонымен қатар ережеге сәйкес депутаттардың рейтингтегі төмен көрсеткіштері олардың мандатын кері қайтаруға және партияның кадрлық резервін ротациялауға негіз болатынын ескертіп, аталған бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін айтты.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған