ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНАЙЫҚ

Кереғар діни ағымдардың алдын алу тақырыбында Түлкібас аудандық орталық «Түлкібас ата» мешітінің найб имамы Садиров Сиродж қатысуымен Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жеке құрамына Мемлекеттік қызметкерлер арасында кереғар діни ағымдардың алдын алу тақырыбында жалпы қоғамда сипат алып жатқан ағымдардың жетегінде кеткен азаматтардың мемлекетіміздің конститутциясына, заңдарын мойындамауы сияқты фактілерді түсіндірді. Бұл туралы Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

– 1990 жылдары әртүрлі ағымдар елімізге көптеп кірді. Соның ішінде кереғар ағым жетегінде жүрген азаматтар діни білімі саяз жастар көптеп өтіп жатыр. Өздерінің діни білімі болмай адамдар арасында қауіп төндіріп, іріткі салып діни сауатсыз әлсіз адамдарды жүйесіз жолға салуда. Бұның да дәлелі қазіргі кездегі неке қию туралы миға қонымсыз біраз жайттарды оқып, естіп жүрген боларсыздар. Сол сияқты қыздардың некесін қиып, бір апта өткен соң талақ беріп, басқаға сыйға тарту деген үрдіске айналғаны да кездесіп жатыр ғой. Жалпы имандылыққа сену қысқа балақта емес, болмаса сақалда емес, немесе тұмшаланған киімде емес, имандылық кеуілде, – деп сөзін қорытындылаған найб имам «Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдардан және сектадан сақтанайық» деп аяқтады.

Деструктивті діни ағымдар негізінен материалдық тұрғыда шегіне жеткен, бірақ рухани тұрғыдан әлсіреген қоғамынан шығады. Олардың пайда болу шарттары да күрделі. Материалдық жағынан дамыған қоғамның әсіресе студент жастар, зиялы қауым өкілдері мен өнер жұлдыздары және қарапайым көпшілік арасында теріс діни ағымдардың жаппай таралуына және етек алуына қоғамдағы әлеуметтік психологиялық мәселелер де әсер етті. Күнделікті өмірлерінен мезі болған олар, бақытты материалдық құндылықтардан емес, керісінше рухани құндылықтардан іздейді.

Мұндай діни ұйымдар тұлғаның табиғи үйлесімді, рухани, психикалық және физикалық жағдайына қауіпті. Сонымен катар қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен дәстүрлерді, мәдениетті жоятын, жалпы қоғамға қауіпті екені даусыз.

Бүгінде деструктивті діни ағымдар мен секталар ғаламторды пайдаланудың қас шеберіне айналды. Олардың басты ерекшелігі – адамның психофизиологиялық болмысын жақсы меңгергендігінде. Осы білімдерін теріс мақсатта пайдаланып, кісінің әлсіз тұстарын, не нәрседен әсерленетінін анықтайды. Нысанаға алынған адамның жан дүниесіне бойлай еніп, оны кереғар сенімге кіргізудің сан түрлі тәсілдерін қолданады.

Діни сауаты төмен адамдарды арбаудың бір құралы ғаламтор бетінде түрліше пәтуа беру болып отыр. Теріс пәтуалар адамдарды экстремизмге итермелейтін күшке ие, себебі, діндегі пәтуа қоғамдағы діни ахуалға тікелей әсер ете алады. Теріс пәтуа беруші адам сол арқылы қоғамға іріткі салуға, қақтығыстар туғызуға себепкер болуы ықтимал.

Сол үшін қазіргі таңда жастарды деструктивті діни ағымдардан сақтандыру басты міндет болып отыр. Ұлтымыздың терең тарихы, әрбірінде өнеге жатқан салт-дәстүрлеріміз, дініміз бүгінгі жастарды, болашақ ұрпақты адастырмайтын темірқазық екенін ұмытпайық.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған