АХМЕТ АТАМЫЗДЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан халқы тілдері және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай іс-шаралар кеңінен ұйымдастырылды.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті және Қызметтің №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, «қазағым» деп жүрегі соққан, халқын алға жетелеуге ұмтылған, оның зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан Алаштың рухани көсемі, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының рухына тағзым ету мақсатында, Түркістан қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейге барып, мектеп-лицей ауласында орналасқан Ахмет атамыздың ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған