Бақытқа жету үшін…

  1. Алғыс айта білу керек. Бұл жарық дүниеге келіп, жер басып жүргеніңіз үшін, айналада болып жатқан жақсылықтар үшін рахмет айта біліңіз. Өміріңізде болып жатқан қуанышты, жақсы жағдайларды ескеріп, үнемі ризашылық білдіріп отырған жөн. Күнде таңертең оянғанда өміріңізде болып жатқан кез-келген он жағдай үшін алғыс айтыңыз. Жаратқан Сіздің алғысыңызды ескеріп, тағы да алғысқа тұрарлық жақсылықтар жібереді.
  2. Кешірімшіл болу. Сізге уайым сыйлаған басқаларды кешіре білу. Кек сақтамай, уайымды ұмыту керек. Өз қателігіңізді де кешіре біліңіз. Өткен өмірмен емес, бүгінгі күнмен өмір сүріңіз.

Өкпе – бұл Сіз ішіп жатқан у, Өзіңізді емес, өзгелерді улайтын

  1. Айналадағылармен байланыста болу. Қажет болса көмек қолын созып, оларға күлкі, қуаныш сыйлай білу керек. Бақытыңыздың бір бөлшегін басқаға беруден аянбаңыз. Ол әлбетте айналып, Өзіңізге қайта келеді.
  2. Мүмкіндік болғанша бос уақытыңызда Өзіңіз қалаған іспен айналысыңыз. Табиғатқа серуенге шығыңыз. Қызықты фильм көріп немесе достармен көңіл көтеру орталықтарына аттаныңыз.
  3. Жаныңызға бір сәт те болса жалғыздық сыйлаңыз. Оңаша қалып, мынау әлеммен іштей сырласыңыз. Қиялыңызды оңашада бір уақыт кеңістікке жіберіңіз.
  4. Мүмкіндік болғанша үнемі күліп жүріңіз. Жүзіңізден қай жерде болса да күлкі төгіліп тұратын болсын. Күлгіңіз келмесе де күлуге әрекет етіңіз.
  5.  Өзіңізді жақсы көріңіз. Өз қадіріңізді жоғары бағалаңыз. Бақытты адамның ең үлкен сыры да осында. Көп жетістікке жетіп, бақытқа бөленген жандар ең алдымен өздерін жақсы көретіндер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған