САЛАУАТТЫЛЫҚ – МЕНІҢ ҚАЛАУЫМ!

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ең алдымен баланы жастан дағдыландыру керек. Ол үшін үйде ғана емес мектепте де кеңірек әңгімелеген дұрыс. Осы орайда Қ.Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп интернаты 6 «А» сыныбында тәрбиеші Жәудіркөз Наурызбаеваның жетекшілігімен «Салауаттылық – менің қалауым» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.

Ашық тәрбие сағатының негізгі мақсаты оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы, денсаулықты сақтаудың басты қағидалары:

зиянды әдеттердің зияны туралы айта отырып, одан бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу;

 оқушыларға денсаулықтарын сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету.

Ашық сабақтың міндеті де айқын еді:

–  салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
–  денсаулықты күтуге, қадірлеуге
–  салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Ашық сабақ бірнеше бөлімнен тұрды. Ой қозғау, «Кезбе тілші» әдісі, Сергіту сәті, Топтық жұмыс, Оқушыларды бағалау, «Ыстық орындық» әдісі, Шаттық шеңбері, Тыңдалым сынды бөлімдердің барлығында дерлік тәрбиелік мән мен  салауаттылықты насихаттайтын үлкен таным жатқан болатын. Әр бөлімнен оқушылар өздеріне керекті ақпараттарды, қажетті мәліметтерді ала алды. Әр бөлім өзінше ерекшеленді. Барлығында дерлік адам баласы үшін денсаулықтың маңызды екені, ол үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың құндылығы, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстау жан-жақты насихатталды.

Арнайы төртбұрышты қағаздарға жасырынған құпия таңбаларды ашып қарағанда күлімсіреген күн бейнеленсе күлімсірей қарап жақсы ықыласпен амандасудың белгісі,  алақан бейнесі шыққан жандар қол алысып амандасты, жүрек бейнеленген жандар бір-бірлерін үлкен сыйластықпен құшақтады. Міне, бұл арқылы ең алдымен адами құндылық насихатталды. Аталған үш сурет арқылы олар үш топқа бөлініп күн бейнесін алғандар «Бейбітшілік тобы», жүрекше суретін алғандар «Сүйіспеншілік » тобы, алақан бейнесіндегі суреттерді алғандар «Денсаулық» тобы болып бөлініп ашық сабақ көркін одан әрі қыздыра түсті.

Ой қозғау бөлімінде арнайы салауатты өмір салтын ұстанудың мақсаты , оның маңыздылығы жайлы тамаша бейнеролик көрсетілді. Үш топ аталмыш бейнероликтен өздеріне ұнаған тұстарын айтып, өз ойларымен көрсетілген  бейнероликті одан әрі аша түсті.

Тыңдалым сәтінде арнайы салауатты өмір салты жайлы қызықты аңыз әңгіме тыңдады оқушылар. Кезбе тілші айдары арқылы аңыздағы кейіпкерлерді талқылап, ондағы денсаулыққа зиянды әрекеттерді неліктен қайталамау керектігі жайлы әр топ өз болжамдарын, өз нұсқаларын айта отырып тереңірек талдап шықты.

«Бастағы қалпақ» әдісінде балалар музыка ырғағымен қалпақты бір-біріне кигізе отырып, әуен тоқтаған сәтте кімнің басында қалпақ қалып қойса, сол оқушы салауатты өмір жайлы бір сөйлемге сыйғызып өз ойын айту керек болды. Бұл да балалар үшін өте қызықты әрі ой қозғайтын бөлім болды. «Ыстық орындық» бөлімінде түтікшеге барлық оқушының аты жазылып  жасырылды мұғалім кез-келген біреуін алып аталған оқушының аты-жөнін айтады, ол оқушы ортаға шығып балалардың денсаулық пен салауатты өмір салты жайлы сұрақтарына жауап берді. Бұл сабақта оқушылардың нені түсініп, қандай ой түйгендерін нақты анықтау үшін қажетті техника болатын.

Ашық сабақ соңы ұлы ойшылдың ой саларлық тамаша  тәмсілімен қорытындыланды.  Ұлы ойшыл Сократқа кезінде : «Адамға өмірде не қымбатырақ байлық па, әлде атақ па?»  деген сұрақ қойылыпты. Сонда Сократ: «Байлық та, атақ-даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ, » – деп жауап беріпті. Яғни, адамға бақытты болу үшін ең алдымен денсаулық керек. Ал денсаулықтың кепілі салауаттылық, дұрыс тамақтану, дұрыс қимыл-қозғалыс жасау. Салауатты өмір салты ең басты ұстанымымызға айналсын!

Жəудіркөз Наурызбаева ,

Қ.Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп-интернат тәрбиешісі

Шорнақ ауылы,

Кентау қаласы əкімдігі білім бөлімі.

Түркістан облысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған