ЕРАЗАМАТТАР ҚАНДАЙ «ХАНЫМДАРДАН» БОЙЫН АУЛАҚ ҰСТАЙДЫ?

  1. Қалтақағар ханымдар. Олармен бірге уақыт өткізу көңілдірек болса да, қалталарының қағылатынын ескеретін еркектер естерін жоғалта қоймайды.
  2. Мансапқұмар ханымдар. Алдымен еркектер мұндай әйелдердің іскерлігін бағалағанымен, алдағы уақытта оның жүрегінен орын таба алмай қаламын ба деп күдіктенеді.
  3. Тым қарапайым әйелдер. Үй шаруасынан аса алмайтын, өз пікірі жоқ бикештер де еркектерді үркітеді. Еркектер оларға билігін жүргізе алатынына сенімді болғанымен, болашақтағы сұр тіршілік те көңілдерін күпті етеді.
  4. Тәкаппар да, сұлу «Қар ханшайымдар». Өздерінің сұлулықтарына тым сенімді олардың мұз жүректерін ерітуге көп еркектердің батылы бара бермейді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған