«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС НЕГІЗІ

Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласында аса көрегендікпен халықты тарихқа құрметпен қарауға және зерделеуге, өткеннен сабақ үйренуге шақырады.

Иә, біздің тарихымыз тым тереңде жатқан ұлы ұлт екеніміздің тағы бір дәлелінің өзі осы мақаланың ішіне арқау болғандай.  Себебі, әр халықтың шежіресі, өткен тарихы  қаһармандыққа, жеңістер мен түрлі оқиғаларға толы, сол  тасы да тарихтан сыр шертетін ұлы даланың рухты перзенті аса көргендікпен осындай  зерделі мақала жаза алды. Және сол мақаласы арқылы бізге, ұлтқа, қазақ халқына өткен тарихымыздың қаншалықты құнды, қымбат екенін жеткізе білді, ұғындыра білді, сол тарихи құндылықтарымызды бағалауға, сол арқылы болашаққа қадам басуға  үлкен  бағыт, бағдар бере алды. Сонымен қатар өткен тарихымызға ғылыми тұрғыдағы көзқарас білдіре отырып, тарихымыздың тереңде жатқанын, сол тарихтан күш алып болашаққа қадам басуымыз керек екенін айқындап, анықтап, дәлелдеп бере алды. Бұл ұлт көшбасшысының көрегенділігі еді.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауылындағы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп  өзіндік терең тарихы, бағыт-бағдары бар, тағылымы мол білім шаңырағы. Осы білім ұясында Тұңғыш президентіміз Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жан-жақты қолдау тауып, үлкен  жоспарлар бекітуге, болашағымыз болып саналатын ұрпағымыздың саналы да, білімді болып өсуі жолында аянбай еңбек етуге өз септігін тигізді десек артық айтқандық емес.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады. Мақаланың аты айтып тұрғандай, негізгі бөлім Ұлы даланың жеті қырын айқындап береді. Оның ішінде жеті қазынамыздың бірі жылқыға ерекше мән беріліп отыр. Ұлы дала халқы металл өндіру мен терең тарихымен мақтана алады. Сондай-ақ, Түркі әлемінің бесігі болып, Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды да көздеп отыр. Қазақ даласының сулы, нулы табиғаты да елеусіз қалмады.

Ал, мақаланың екінші бөлімі алдағы уақытқа бағыт-бағдар береді. Елбасы төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған нақты 6 тапсырма жүктеді. Оның ішінде «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау, Түркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу сынды тарихи әрі маңызды міндеттер бар.

 

Үнемі тарихқа қайта оралып, өткеніміз бен болашағымызды бір-біріне байланыстыра отырып көрегенділігімен алға мақсаттар қоя алатын Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырды.

Бұл жобаларды тек атқарушы билік қана емес, бүкіл ел болып, тайлы тұяғымыз қалмай қолға алатын, сол арқылы болашаққа қадам басатын бастама. Сондықтан Шарапхана ауылындағы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектепте де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, оның ішінде  «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласы аясында көптеген игі істер атқарылды. Оқушыларға мақаладағы  әрбір тарихи  бөлімдер зерделеніп түсіндіріліп, сол тақырыптар аясында түрлі ұлттық, рухани іс-шаралар өтіп, оқушылардың таным-түсінігін кеңейтіп, болашаққа деген сенімді көзқарас қалыптастырдық.

Біле-білген адамға «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала ұлттық болмыс негізі. Ол дайын  бағдарлама, үлкен істерге арқау бола алатын  алғышарт екенін баса айта кету керек. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы. Осындай төл тарихымыз бен болашаққа қадам баса отырып, алдағы мыңжылдықтарымыз жарқын болады Елбасымыз айтқан «Мәңгілік ел» боламыз  деп толық сеніммен айта аламыз!

Айгүл Омарова,

Ы. Алтынсарин атындағы ЖОМ,

 қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Шарапхана ауылы,

Қазығұрт ауданы, Түркістан облысы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған