ЖАСТАР ЖЫЛЫ ЖАСТАРҒА ҚАНДАЙ МҮМКІНДІК АШАДЫ?

«Жастар жылында сапалы білім беру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, тұрғын үй мәселесін шешу, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды дамытуға бағытталған шаралар қабылданатын болады» деп хабарлайды ҚР Қоғамдық даму министрлігінің ресми сайты.

Жастар жылында жас қазақстандықтарға ашылатын мүмкіндіктер мынадай:

– «Жас Маман» (100/200) бағдарламасы әзірленетін болады: 200 мың қазақстандық 200 танымал білім беру мекемелерінің базасында 100-ден аса танымал мамандықтар бойынша дайындалады;

– «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мамандықтардың тізімі кеңейтіледі. Ауылға көшкен жас мамандарға 100 АЕК (252,500 теңге) көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі;

– Студенттік еріктілерге арналған стипендиялар 30% -ға өседі;

– Стартаптарды қолдау Қоры құрылады;

– «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге екі есе көлемде гранттар бөлінеді;

– Жыл сайын Алматы, Астана, Шымкент қалаларында жас отбасыларға жалға берілетін тұрғын үй аясында кем дегенде 1000 пәтер салынатын болады;

– Біздің елімізде қашықтықтан білім беру саласы кеңейтіледі, бұл үшін Open University жобасы әзірленеді;

– Жас ғалымдардың қолданбалы ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға жыл сайын 3 млрд. теңге бөлінеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған