ҰЛАНДЫҚТАР 1 ЖЫЛДА 38 МЫҢ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫНЫ ҚҰРЫҚТАҒАН

Ұландықтар 1 жылда 38 мың құқық бұзушыны құрықтаған. Бұл туралы Астанада өткен Әскери кеңестің отырысында ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

– Бірінші кезекте ұландықтар күшімен қалаларда қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп қамтамасыз етілді. 5 мыңнан аса әскери қызметші республика бойынша күнделікті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Өткен жыл ішінде ұландықтармен 38 мың құқық бұзушы құрықталды. Әскери қызметшілермен аса маңызды нысандар мен түзету мекемелері күзетіліп, сот отырыстары мен сотталушыларды тасымалдау үздіксіз өткізілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен кесірін жою бойынша үлкен жұмыс атқарылды. 850-ден аса әлеуметтік-саяси және мәдени-спорттық шаралардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, – деді ҚР Ішкі істер министрі.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған