Ғимараттар мен құрылыстарда өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша рұқсат етілмейтін жайттар

      1) жертөлелерде, цоколь қабаттарында, шатырларда, техникалық қабаттар мен үй-жайларда, желдету камераларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, жанғыш газдары бар баллондарды, аэрозоль орамындағы тауарларды, целлулоидты, жарылыс-өрт қауіпті, жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға және жинауға рұқсат етілмейді

      2) жобалау құжаттамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жертөлелерді, цокольдық қабаттарды, шатырларды, техникалық қабаттарды және үй-жайларды, желдеткіш камераларын нысаналы мақсатынан тыс пайдалануға және қолдануға рұқста жоқ

      3) лифт холлдарын нысаналы мақсатынан тыс пайдалануға жол берілмейді;

      4) қабаттардағы дәліздерден, холдардан, фойеден, тамбурлардан және баспалдақ алаңдарынан эвакуациялық шығу жолдарының жобада көзделген есіктерін, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрттің қауіпті факторларының таралуына кедергі келтіретін басқа да есіктерді алып тастауға заңды түрде рұқсат жоқ;

      5) нәтижесінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайлары нашарлайтын, өрт сөндіргіштерге, өрт крандарына және басқа да өрт қауіпсіздігі құралдарына қол жеткізу шектелетін немесе автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерінің (автоматты өрт сигнализациясының, стационарлық автоматты өрт сөндіру қондырғыларының, түтін жою жүйелерінің, құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерінің) әрекет ету аймағы азаятын көлемдік-жоспарлау шешімдерін өзгертуді жүргізуге;

      6) есіктерді, люктерді, жанама секцияларға өтетін жерлерді және эвакуациялау сатыларына шығу жолдарын үйіп тастауға, балкон араларындағы сатыларды демонтаждауға, сондай-ақ пәтерлердің балкондары мен лоджияларындағы люктерді дәнекерлеуге;

      7) май сіңген сүрткіш материалды жинамай қалдыруға;

      8) ғимараттың барлық қабаттарының терезелерінде және жертөлелердің терезелеріндегі ойықтарда (қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелердің және қылмыстық-атқару жүйелері объектілерінің, мекеме қоймаларының, кассаларының, қару-жарақ бөлмелерінің, құпия бөлімдерінің, прекурсорларды сақтау және олардың айналымы үй-жайларын қоспағанда) торларды орнатуға;

      9) түтінденбейтін баспалдақ алаңдарына апаратын балкондарды, лоджияларды және галереяларды шынылауға;

      10) баспалдақ торларында, алаңдарында және дәліздерде қоймалар (қосалқы үй-жайлар) орнатуға, сондай-ақ баспалдақ сатыларының астында және баспалдақ алаңдарында заттарды, жиһаз бен басқа да жанғыш материалдарды сақтауға жол берілмейді. Бірінші және цокольдік қабаттардың баспалдақ сатыларының астында орталық жылу беруді басқару тораптарына, су өлшеу тораптарына және жанбайтын материалдардан жасалған қалқалармен қоршалған электр қалқандарына арналған үй-жайларды орналастыруға жол беріледі;

      11) ғимараттардың өндірістік және қойма үй-жайларында (отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттардан басқа) жобалау құжаттамасында көзделген жағдайлардан басқа, жапсарлас үй-жайларды орнатуға;

      12) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына, сондай-ақ құтқару құрылғыларын бекіту орындарына өту жолдарын үйіп тастауға және жабуға жол берілмейді.

mixnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған