ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ КЕШЕНДІ КҮШЕЙТІЛДІ

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиеваның брифингі өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз орталығы хабарлады.

Агенттік сақтандыру нарығына қатысушылардың қаржылық тұрақтылығын және сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Агенттіктің реттеуші құралдарының бірі сақтандыру нарығына қатысушылардың сақтандыру қызметтерін тұтынушылармен жұмыс істеудің мінез-құлық (этикалық) стандарттарын сақтауына негізделген мінез-құлықты қадағалау болып табылады.

Сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Агенттік сақтандыру өнімдеріне және сақтандыру шарттарының талаптарына сақтанушылардың құқықтарына нұқсан келтіретін не сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мүмкіндігін болдырмайтын, сондай-ақ клиенттерге сақтандыру төлемі бойынша қате түсінік енгізетін шарттардың болуына тұрақты негізде талдау жүргізеді.

Шағымдар мен өтініштерге әкеп соғатын сақтандыру ұйымдарының жұмысындағы кемшіліктерді жүйелі түрде жою, сондай-ақ сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын бұзудың алдын алатын жағдайлар жасау халықтың сақтандыру саласына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы үш жылда Агенттік сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында үлкен және жүйелі жұмыс жасады. Сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігі мәселелері қамтылды, сапасыз қызметтерден қорғау қамтамасыз етілді, сақтандырушылардың клиенттер алдындағы міндеттемелерін тиісінше орындау бойынша жауапкершілігі арттырылды.

2022 жылғы 12 қыркүйекте қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі кешенді күшейтілді.

Негізгі бағыттар сақтандырудың барлық міндетті және әлеуметтік маңызы бар сыныптарына кепілдік беру жүйесін кеңейту, дауларды сотқа дейін міндетті реттеу институтын құру және сақтандыру саласын цифрландыру болды.

Бұл бастамалардың мақсаты тұтынушылардың мүдделерін жан-жақты қорғау, халықтың және бизнестің сақтандыру қызметтерін алуға қолжетімділігін оңайлату, сондай-ақ сақтандыру төлемін алу мерзімдерін қысқарту және рәсімдерін оңайлату болып табылады.

Халыққа кепілдік беру жүйесімен барынша қамтуды қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы кепілдендірілген сақтандыру сыныптарының тізбесі кеңейтілді. Қазір он (10) сақтандыру сыныбы, оның ішінде сегіз (8) міндетті сынып және екі (2) әлеуметтік маңызы бар сақтандыру сыныбы, мысалы, зейнетақы аннуитеті шарттары және мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберіндегі өмірді сақтандыру шарттары кепілдендіруге жатады.

Сақтандыру ұйымы таратылған кезде тұтынушылардың сақтандыру төлемін алуды күту кезеңі қысқартылды, тұтынушылар сақтандыру ұйымы лицензиясынан айырылғаннан кейін оны тарату туралы сот шешімін күтпей-ақ төлемдерді бірден ала алады.

«Сақтандыру төлемдерінің толық және үздіксіз процесі қамтамасыз етіледі, сақтандыру ұйымын тарату процесі оның клиенттері үшін сезімтал болмайды, өйткені олардың алдындағы міндеттемелерді «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ жүзеге асыруды жалғастырады», – деп атап өтті Мария Хаджиева.

Сақтандыру омбудсман институты айтарлықтай күшейтілді. 2024 жылғы 01 қаңтардан бастап сақтандыру омбудсманы дауларды сотқа дейінгі міндетті реттеудің толыққанды институты ретінде әрекет ететін болады. Омбудсманға жүгіну сақтандыру ұйымының іс-әрекетіне сотқа талап қою алдында қажетті қадам болады.

Сақтандыру омбудсманының шешімі сақтандыру ұйымдары үшін міндетті болып табылады, оны бақылауды Агенттік жүзеге асырады. Тұтынушылардың дауды шешуге кететін шығындары айтарлықтай азаяды, өйткені сақтандыру омбудсменінің қызметтері клиент үшін тегін.

«2022 жылы омбудсманға қатысты 1108 шағымның тек 10-ы ғана сотта дау тудырды, бірақ оларды сот өзгеріссіз қалдырды, бұл дауларды сапалы реттеуді және ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес шешімдер шығаруды растайды», – деп атап өтті Агенттік төрағасының орынбасары.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесінде сақтандыру саласын цифрландыру маңызды рөл атқарады. Цифрландыру мақсаттары қызмет тұтынушылардың ыңғайлылығына бағытталғандығын білдіретін адам орталықтығына бағытталған.

2022 жылы құрылған онлайн реттеуді енгізу жөніндегі заңнамалық база сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етеді. 2024 жылдан бастап сақтандырудың барлық міндетті түрлері бойынша онлайн-төлемдер қолжетімді болады, міндетті автосақтандыру бойынша жеңілдетілген төлем енгізіледі. Міндетті автосақтандыру бойынша барабар баға белгілеуді қамтамасыз ету мақсатында икемді тарифтеу енгізілетін болады.

Қабылданып жатқан шаралар халық үшін сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға және олардың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған