МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ АДАЛ АТҚАРУ ҚАЖЕТ

Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері және 20 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Amanat» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Сәрсеновпен бірге «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша» және Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексін сақтау бойынша жиналыс өткізіліп, қызметкерлерге түсіндірілді.

Әдеп кодексінің басты міндеті – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Айта кету керек, Әдеп кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерінiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар күшейе түсті. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс. Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамдық қадiр-қасиеттi жоғары ұстауы керек. Қоғамдық орындарда көпшілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс.

Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайту жолында, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру бойынша және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға басымдық берілген. Қандай жағдай болса да, мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлықтарына үлкен мән беріледі. Сондықтан, мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерді бағындыруды көздеген әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының талаптарын сақтап, мемлекеттік қызметті адал атқаруы қажет.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған