ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ЖАҢА ДӘУІРІНЕ ҚАДАМ БАСТЫҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады.

Президенттің мәлімдемесінде мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады.

Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Сонда сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады. Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады.

Және партиялық тізімде әйелдердің, жастардың және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кемінде 30% ұсынылуы тиіс. Бұл дегеніңіз, азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалады деген сөз.

Мемлекет басшысының мұндай шешімі Жаңарған, Әділетті Қазақстанды құруға үлкен қадам деп білемін.

Сондықтан алдағы саяси науқанда азаматтық жауапкершілік танытып, еліне адал қызмет ететін азаматтардың Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына сайлануына белсенділік танытуға шақырамын.

Біржан САРЖАНОВ,
Түркістан облыстық «Асар» мүгедектер қоғамының Созақ аудандық филиалының төрағасы, Созақ аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған