АДАМ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСЫН ЖАСЫРҒАН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Ағымдағы жылдың ақпанында Бас прокуратурамен аса ауыр қылмысты жасырғаны және В.Сухаревтің өлімі бойынша тергеу кезіндегі қызметтегі әрекетсіздік танытқаны үшін Түркістан қалалық полиция басқармасының тергеушілері А.Калдибеков, Е.Калиев және осы басқарманың тергеу бөлімінің бастығы М.Сарманов ұсталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған лауазымды тұлғалар соттың санкциясымен қамауға алынған.

Оларға, 2018 жылдың қазан айынан бастап В.Сухаревті өлтіру дерегінің нақты белгілері болуына және күдікті тұлғаның анықталуына қарамастан оны ұстауға және қылмыстық жауаптылыққа тарту шарасын қолданбады деген айып тағылды.

Бұл дерек олармен жасырылған және криминалды емес оқиға ретінде тергелген. Тек прокуратура органдарының араласуынан кейін қылмыстық іс адам өлтіру қылмысына қайта дәрежеленіп, осы қылмысты жасаған Ю.Тарасов тергеу изоляторына қамалған.

Түркістан қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары атқарып отырған лауазымынан шеттетілді. Қылмыстық істі тергеп-тексеру Түркістан облысының арнайы прокурорларына жүктеліп, тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауына алынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған