ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚТАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында күзгі жауын-шашын кезінде ирригациялық арықтардың толып қалуының алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес бүгінде көшелердегі ирригациялық арықтар толықтай қоқыстан тазартылып жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының теңгеріміндегі ұзындығы 97,7 км келетін 9 өзен-канал (Қошқар ата, Қарасу өзендері мен Ақсай Қарабастау, Шымкент, Жаңа-Шек, Компас, Тоғыс, Сасық, Ынтымақ каналдары) мен орталық көше бойларындағы 585 км ирригациялық жүйелерді санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, су алу қаупі бар 38 мекенжайға 15,5 шақырым ирригациялық жүйе салынып жатыр. Аталған жұмыстар барысында Бәйдібек би көшесі Алтын сарай тойханасының алды, Төлеметов көшесіндегі Айбол аялдамасы, Бабашұлы көшесі №115 мектептің алды, Көшеров көшесі, Дорого №1 темір жол көпірі, Жібек жолы көшесіндегі Тесік көпір өткелі сынды бірқатар өзекті нүктелердегі мәселелер шешімін таппақ.

Сонымен қатар, су басудың алдын алу мақсатында ирригация жүйелердің негізгі артериясы саналатын Жаңа Шек каналы арнасын Казбакалейторгтан Аймауытов көшесіне дейін 4,4 шақырым арыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары осы жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған