ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?

Өрт сөндіру бөлімінде қызмет еткіңіз келе ме? Ендеше, төмендегі талаптармен танысып, құжаттарыңызды дайындап, қабылдау орнына барыңыз. Төменде қажетті барлық мәліметті ұсынып отырмыз.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі (Түркістан қаласы)» мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғау қызметкерлерінің бос лауазымдарына қызметке құжаттарды қабылдау жүргізеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 7-15 қараша күндері.

Құжаттарды қабылдау орны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Жаңа қала» ықшам ауданы, 13-көше, 23-құрылыс, «Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, 317 кабинет. Анықтама нөмірі: 8 778 501 2051

Лауазым: Өрт сөндіру автокөліктерін жүргізуші-қызметкер (C-SV-13) – 5 бірлік, оның ішінде: Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы №8 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы № 10 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік, Кентау қаласындағы №12 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы № 23 өрт сөндіру бекеті – 1 бірлік, Сауран ауданы, Шорнақ ауылындағы №24 өрт сөндіру бекеті – 1 бірлік.

Қойылатын талаптар: Отыз бес жастан аспаған, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен (қатардағы құрам) азаматтар, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар, кемінде орта білімі бар болуы қажет. «В», «С» дәрежелі жүргізуші куәлігінің болуы тиіс.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған