ӨРТ КЕЗІНДЕ ӨЗІҢДІ ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК?

БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ:

1. Жанудың алғашқы белгілерін жəне түтіннің иісі кезінде 101 теру арқылы өрт сөндіру қызметін немесе 112 теру арқылы құтқару қызметін шақырыңыз.

2. Аузыңыз бен мұрныңызды кез-келген, мүмкіндігінше ылғалды матамен жабыңыз.

3. Оттан қашыңыз.

4. Жеделсатыны пайдаланбаңыз.

5. Артық оттегінің кіруіне жол бермеу үшін терезелерді ұрмаңыз.

6. Тез жанатын сұйықтықтарды (бензин, керосин) жəне қосылып тұрған электр аспаптарын сумен сөндірмеңіз.

ДҮРБЕЛЕҢНЕН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ!

ҮЙ-ЖАЙДА, БИІК ҒИМАРАТТА, АДАМДАР КӨП ЖИНАЛАТЫН ЖЕРДЕ:

– Егер өрт ошағы кішкентай болса, өзіңіз өртті барлық қол жетімді құралдармен өшіруге тырысыңыз: өрт сөндіргіштермен, кез-келген тығыз матамен, құммен, гүл құмыраларының топырағымен, сумен жəне тағы басқалар;

– Электр сымының оқшауламасы жанған кезде электр желісін арнайы орыннан өшіріңіз;

– Өрт жағдайы туралы көршілерге немесе басқа кабинеттердегі қызметкерлерге дереу хабарлаңыз жəне эвакуацияны бастаңыз;

– Электр жабдықтарын өшіріңіз;

– Мүмкін болса, есікті жауып, бөлмеден шығыңыз;

– Оттан қашыңыз, ештеңені іздемеңіз жəне жинамаңыз;

– Балалар мен қарт адамдарға көшеге шығуға көмектесіңіз;

– Кіреберісте немесе дəлізде түтін шыққан кезде, шығатын есікке еңбектеп барыңыз;

– Қауіпсіз жерге шығыңыз;

– Егер үй-жайдан баспалдақ арқылы шығу мүмкіндігі болмаса, түтін кіріп кетпес үшін кіретін есікті ішінен ылғалды матамен тығыздаңыз, содан кейін балконға шығып, өрт сөндіру қызметінің келуін күтіңіз;

Жел кесірінен от қаттырақ жанып кетпеуі үшін есік жəне терезелерді жабыңыз.

АВТОКӨЛІКТЕ НЕМЕСЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ:

– Өрт туралы жүргізушіге дереу хабарлаңыз;

– Көлікті тоқтатыңыз, қозғалтқышты өшіріңіз, тежегішке қойыңыз;

– Көліктен шығыңыз, қоғамдық көлікте апаттық люктер мен бүйір əйнектерді қолданыңыз;

– Өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт сөндіргіштің, құмның немесе қардың көмегімен өртті сөндіруге тырысыңыз;

– Капот жанған кезде оны қолыңыздағы өрт сөндіргішсіз ашпаңыз (ашу кезінде оттегінің ағыны жалынды күшейтеді);

Автокөліктен алыстаңыз, себебі жанармай багы жарылуы мүмкін.

ДАЛАДА НЕМЕСЕ ОРМАНДА:

– Өрт ошағын тығыз материалмен, топырақпен, құммен сөндіруге тырысыңыз, жалынды шыбықтармен немесе ағаштардың бұтақтарымен қағып, сумен өшіріңіз жəне тағы басқалар;

– Өртті сөндіргеннен кейін, өрттің қайта жанбайтынына көз жеткізгенше кетпеңіз;

– Егер өрт қатты болса, оның таралу бағытына перпендикуляр қозғалып, тез кетіңіз;

– Егер кету мүмкін болмаса, ал жақын жерде су айдыны болса, оған түсіп, ылғалды киіммен үстіңізді жабыңыз;

– Ашық кеңістікте ауа аз түтіндеген жерге қарай бұғыңыз.

101 НЕМЕСЕ 112-ге ҚОҢЫРАУ ШАЛҒАН КЕЗДЕ ДИСПЕТЧЕРГЕ НЕ ХАБАРЛАУ КЕРЕК?

  • өрттің немесе жанудың мекен жайын;
  • өрт нысанын (аулада, пəтерде, қоймада жəне тағы басқалар);
  • жанған зат (теледидар, жиһаз жəне тағы басқалар);
  • қажет болған жағдайда-кіреберіс, пəтер нөмірі, ғимараттың қабаттылығы жəне өрт қабатын, оған кіруге ыңғайлы жерді, аумаққа кіру кодтары жəне тағы басқалар;
  • тегіңіз бен телефоныңызды.

НАҚТЫ ЖƏНЕ БАЙСАЛДЫ СӨЙЛЕҢІЗ!

Құтқару қызметі – 112. Өрт қызметі – 101.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған