ҚЫМБАТТЫ ТҰТЫНУШЫЛАР, ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫМЫЗДЫ ҚОРҒАУДЫ ҮЙРЕНЕЙІК!

Құрметті Түркістан қаласы мен облысының тұтынушылары! Тұтынушылардың құқығын қорғаудың өзекті мәселелерін білесіздер ме?

Әрбір тұтынушының сапалы тауар, жұмыс және қызметтермен қамтамасыз етілу құқығы Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңында көрсетілген. Дегенмен, негізгі құқықтарын көптеген тұтынушылар біле бермейді. «Тауарды қайтаруға немесе ауыстыруға жатпайды» деген хабарламаларды біз сауда орындарынан жиі кездестіреміз. Бірақ көбіміз бұл хабарламаларға назар аудара бермейміз. Әйтсе де «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға сүйенер болсақ, бұл сатушылар тарапынан орын алып отырған заңсыз әрекет болып табылады. Тұтынушылардың аңқаулығын пайдаланған сатушылар үшін бұл өте тиімді әрекет. Олай болса қымбатты тұтынушылар өз құқықтарымызды қорғауды үйренейік! Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құзыретіне мемлекеттік саясаттың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі бағыттарын әзірлеу, Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. Тұтынушылар ерікті негізде тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне бірігуге құқылы. Тұтынушының Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген құқықтары мен заңды мүдделерін сатушының (дайындаушының, орындаушының) бұзуы салдарынан оған келтірілген моральдық зиян, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сатушының (дайындаушының, орындаушының) кінәсі болған кезде сот айқындайтын мөлшерде өтеуге жатады. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды тиісті мемлекеттік органдар және сот, төрелік немесе аралық сот өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. Жоғарыда көрсетілген тұтынушылардың шынайы, Заңмен айқындалған құқықтарымен таныс болыңыздар. Егер барлығымыз бұзылған құқықтарымызды қорғауды талап етсек, оның дұрыс қорғалуын қамтамасыз ете білсек, мүмкін сол кезде барып сатушылар да витриналарға сапалы тауарларды қоя бастар. Ең бастысы сатып алған тауарыңызға чек берілуін талап етіңіз. Ол сізді сотта жақтаушы бірде-бір құрал болып табылады.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңды толығырақ сілтеме арқылы біле аласыздар

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z100000274_/z100274.htm

Өзекті мәселелер бойынша, Түркістан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің сенім телефоны 8771-322-82-82, арқылы хабарласып жауап ала аласыздар. Сонымен қатар қазіргі таңда тұтынушылардын құқықтарын қорғайтын қоғамдық бірлестіктеріне хабарласа аласыздар ″Адал″ қоғамдық бірлестігіне (Түркістан қаласы бойынша) тел: 8771-828-82-32, 8-705-438-95-59, «Мейірім көзі» ҚБ тел: 87013364574, «Оңтүстік-Самұрық» ҚБ тел: 87028199050.

Болатбек ҚЫСТАУОВ,

Түркістан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған