ҚАУІПСІЗ ӨМІРГЕ – ҚАУІПСІЗ ҮН

Олар үнемі сапта тұруға, үнемі өзгелердің қауіпсіздігіне араша түсуге, өзгелерді қауіп-қатерден қорғауға дайын тұрады. Себебі, мамандықтары, таңдаулары солай. Ешкім оларды бұл салаға сүйреп әкелмеген, олар өз еріктерімен, өздерінің адами болмыстарымен осы саланы таңдаған. Сәт сайын, сағат сайын сынаққа түсіп отыратындарын біле тұрып осы жолды таңдаған маман иелері. Иә, іштеріңіз сезіп отырған болар  біз құтқарушылар, төтеншеліктерді айтып отырмыз.

Олар тек құтқаруды, сақтануды, сақтандыру, алдын алуды ғана біледі деп ойласаңыздар қателесесіздер. «Өнерге әркімнің де бар таласы» дегендей олардың да ішінде өнер десе ішкен асын жерге қоятын нағыз таланттар бар.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні “Қауіпсіз өмірге-қауіпсіз үн” атты ашық вокалдық өнер байқауы мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған байқау өткізілді.

Аталған байқау барысында табиғи дауыста әндер мен сазды әуендер, қос ішекті домбырамен шер тарқата әуелеткен күміс-көмей өнерпаздарымыз ән шырқап, әділдікті ту еткен қазылар алқасы әділ төрелігін көрсетіп, байқау жеңімпаздарына мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

Міне, олар осындай алтын жүректі жандар.

НұрСая МҰРАТҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған