ІСКЕР ӘЙЕЛ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ!

Бүгінде әйелдер қауымы отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосып, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени салада табысты еңбек етіп келеді. Біздің кейіпкеріміз Сауран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының «Кадр қызметі және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс» бөлімінің басшысы Утепбаева Сапура Әнапияқызы жайлы ой толғағым келіп отыр.

Сапура Әнапияқызы Кентау қаласының тумасы, Мәскеудегі техникумда «Экономика» мамандығын алып, туған жерді түлетіп, оған қызмет жасауға келген батыл қыздардың бірі. Сонау тоқырау заманда қиындықтан қорықпастан, мамандығына берік болған білікті маман иесі.

Ал салық саласына 2005 жылы келіп, қарапайым маманынан бастап, мемлекеттік қызметте Кентау қаласындағы мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысына дейін өскен болатын. Осы жолда іскерлігімен көзге түсіп, бірнеше мемлекеттік марапаттар алып, ұжым алдында абыройға ие болған беделді қызметкер.

Сапура апай 2021 жылдан бастап Сауран ауданының мемлекеттік кірістер басқармасында қызмет жасайды. Жаңа ауданның дамуына өз үлесін қосып келеді. Басқарманың құрылуы мен аудан тұрғындарына салықтық сауаттылықты насихаттау жұмыстарын шебер жүргізді. Жаңа ұжым – жаңа отбасы іспеттес. Өзінің іскерлігі мен туа біткен қарапайымдылық қасиетімен аудан жұртшылығы тарапынан ризашылыққа ие болып отыр. Отбасының ұйытқысы, ерінің сенімді серігі ғана емес, табанды мінезімен елдің тірегі болып жүрген нәзік жан. Ол бар жерде тәртіп пен тиянақтылық, берекелі бастама бар.

Мемлекеттік қызметті дамытуға елеулі үлес қосып, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды табысты орындап келеді. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, Сапура апайға мемлекеттік қызметте қажымас қайрат пен зор денсаулық тілейміз.

Сауран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған