УАҚЫТША ӨТЕМДІК ТАРИФТІҢ МАҚСАТЫ – ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ҚАРАЖАТТЫ ҚАЙТАРУ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Тарифтік реттеушінің қызметі.

Тарифті қалыптастыру кезінде табиғи монополиялар салаларының мынадай тарифтік реттеу әдістері қолданылады:

1) шығындық;

2) ынталандырушы;

3) индекстеу;

4) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде тарифті айқындау. Табиғи монополия саласын тарифтік реттеу әдісі жиынтығында мынадай шарттары сақталған:

1) табиғи монополия саласын тарифтік реттеудің тиісті әдісін қолдануға субъектінің экономикалық және технологиялық әзірлігі болған;

2) субъекті мен тұтынушыларға олар орындай алмайтын міндеттерді жүктеуге жол берілмеген жағдайда қолданылады.

Тарифтік реттеудің шығынды әдісі – табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты, шамасы табиғи монополия субъектісінің қызметіне қатысты болатын шығындары.

Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі – реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін сақтауға және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қарай тарифті қалыптастыру әдісі.

Индекстеу әдісі – қуаты аз табиғи монополия субъектісінің бекітілген тарифті жыл сайын индекстеуі арқылы тарифті қалыптастыру.

Тариф мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны қарау кезінде реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті шығындардың құнынан төмен болмауға, сондай-ақ мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің салынған инвестицияларын қайтаруды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес салынған инвестицияларға кірістілік деңгейін қамтамасыз етуге тиіс, оның ішінде концессиялық жоба.

Тарифтерді өсуін тежеу жөніндегі жұмыс жүргізу бойынша

Тарифтерді өсуін тежеудің бірнеше жолы бар, атап айтқанда:

  1. уақытша өтемдік тарифтер енгізу;
  2. табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін дербес төмендету және т.б.;
  3. көлемнің ұлғаюы;

Олардың бірнешеуі үшін толығырақ тоқталайық.

Уақытша өтемдік тариф – тұтынушыларға қаражатты қайтару мақсатында уәкілетті орган белгілі бір мерзімге бекітетін тариф. Мәселен ағымдағы жылы Департамент 1 988 764 180 теңге сомасына уақытша өтемдік тарифтерді енгізді оның ішінде:

Жылумен жабдықтау бойынша – 1 985 980 834 теңге

Сумен жабдықтау бойынша -10 908 734 теңге

Су бұру бойынша -105 382 теңге

Газ тасымалдау бойынша – 2 677 964 теңге.

Сондай-ақ, өткен жылдың сәуір айында 9 табиғи монополия субъектісі кірме жолдар саласындағы қызмет бойынша тарифтерін өз бетінше төмендетті. Бұдан басқа, Департамент көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы себебінен тарифтерді төмендету, инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалардың қолданылу мерзімінің аяқталуы себебінен тарифтерді төмендету жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған