ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ

Түркістан облысы еліміздегі ең аптап ыстық көп байқалатын облыс болып саналады. Сондықтан өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары , алдын ала ескерту шаралары үздіксіз жүргізіліп отырады. Осы орайда назарларыңызға 2022 жылдың I жартыжылдығындағы есепті ұсынамыз. Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті мамандары үздіксіз жұмыс істеп келе жатқанын  де ескерте кеткен жөн. Аталаған жағдай               бойынша, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. Жетпісбай өткізген жиын барысы жайлы баяндамақпыз.

2022 жылдың I жартыжылдығында 179 өрт тіркелді (2021ж. – 182, -1,6%–ға немесе 3 өртке азайды). Өрт салдарынан 6 адам (2021ж.– 5 адам, +20%-ға көбейген) қайтыс болды, 1 адам жарақат алды (2022 ж. — 3 адам, -66,7%-ға азайған). Өрттен келген материалдық шығын 698 млн. 812 мың теңгені құрады (2021ж.– 336 млн. 599 мың теңге, 2 есеге көбейген). Департаментпен өрттерде 105 адам эвакуацияланды (2021 жылғы 6 айда —0) және 2 адам құтқарылды, 1 млрд. 017 млн. 610 теңге сомасында материалдық құндылықтар құтқарылды (2021 жылғы 6 айда – 1 млрд. 043 млн. 610 теңге).

Анықтама: Өрт шыққан орындар бойынша ең жоғары көрсеткіш тұрғын үй секторында – 111 (2021 ж — 107), көлік құралдарында-29 (2021 ж — 37) байқалады.Қалған өрттер: өндірістік ғимараттар мен құрылыстарда – 3 (2021 ж -4) білім беру мекемелерінің ғимараттарында – 1, әкімшілік – қоғамдық ғимараттарда – 2 (2021 ж -3) ауыл шаруашылығы объектілерінде – 2 (2021 ж -1), денсаулық сақтау ғимараттарында – 1, сауда нысандарында – 1(2021 ж -2), тауар сақтау қоймалары – 3 (2021 ж – 4).

Осындай қайғылы жағдайларды әрбір адамның өзінің қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан орын алуда. Құрметті облыс тұрғындары және қонақтары өрт қауіпсіздік ережелері бойынша Төтенше жағдайлар қызметкерлері тарапынан жүргізілген   үгіт жұмыстарына құлақ асуларыңызды сұраймын.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі халық арасында өрт-алдын алу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Үгіт-насихат жүргізудің дәстүрлі тәсілі болған жергілікті теледидардан 188 рет сөз сөйлеу ұйымдастырылды, жергілікті газеттерде 388 мақалалар жарияланды, радиоэфирде, сондай-ақ радио тораптардан 333 сөз сөйленді.

Өртке қарсы тақырыпта 3139 плакат, 1410 жадынама, 232 нұсқаулық және тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша лифлеттер әзірленді. Сондай-ақ, 36 билборд пен 4 баннер орнатылды.

Жыл басынан өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде, оның ішінде 119 560 (жеке және көп қабатты тұрғын үйлер) аулаларды аралау, 569 240 адам қамтылды.

 Жазатайым оқиғалар бойынша қысқаша мәлімет:

2022 жылғы 13 маусым күні Кентау қаласы Төлеби көшесі №61 5 қабатты үйдің 5-ші қабаттағы 2 бөлмелі пәтерден жалпы көлемі 40 шаршы метр өрт шыққан.

Өрт шыққан үйде 2 жасөспірім болған. Үй иесі сыртқы есіктен құлптап кеткен. Салдарынан 2014 жылғы жасөспірім 5 қабаттан секіріп кеткен.

2014 жылғы жасөспірім Кентау қаласының Орталық ауруханасының қабылдау бөліміне келген бойда қайтыс болған.

Осындай қайғылы жағдайларды әрбір адамның өзінің қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан орын алуда. Құрметті облыс тұрғындары және қонақтары өрт қауіпсіздік ережелері бойынша Төтенше жағдайлар қызметкерлері тарапынан жүргізілген   үгіт жұмыстарына құлақ асуларыңызды сұраймын.

Облыс аумағында орман-дала өрттерін алдын алу мақсатында   «Орман, дала өрттерін алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар» жоспар бекітіліп бірқатар іс-шаралар атқарылды.

Анықтамалық:  Облыста жалпы 12 орман шаруашылығы мекемесі орналасқан. Орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 3 млн. 453 мың 441 га, оның ішінде орманды алқабы  2 млн. 405 мың 332 га, ормансыз алқабы 1 млн. 048 мың 109 га. Осы орман шаруашылықтарында жалпы 22 өрт сөндіру автокөліктері мен 50 бейімделген қосалқы техникалары, 3 тонналық суы бар 45 тіркемелі бөшкелер, 45 мотопомпа, 398 өрт сөндіру құралдары (аспалы 311, ауалы 87), 1944 өрт сөндіргіш, 48 өрт бақылайтын биік мұнаралары және 362 адамды құрайтын ерікті өртке қарсы құрылымдарымен бірге өрт-химиялық стансаларымен қамтамасыз етілген.

2021 жылы басынан  орман  шаруашылығында жалпы көлемі 67,2 га. құрайтын 6 өрт оқиғасы тіркелді (материалдық шығын — 482 000 тг.)

Биылғы жылы орман өрттері тіркелген жоқ.

Дала орман өрттерін алдын алу мақсатында облыс бойынша өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілуде

Жылда облыстық төтенше жағдайлар департаментімен мамыр және маусым айында минералды жолақ жырту жұмыстарына бірінші кезеңде комиссия құрамында бақылау жүргізілді. Бірқатар кемшіліктер анықталып, облыстық әкімдікке ұсыныс енгізілді.

Өрт қауіпті кезеңде жеке тұлғалардың болуын және көлік құралдарының мемлекеттік орман қоры аумағына кіруін шектеу бойынша рейдтік іс-шараларды жүзеге асыру үшін облыс бойынша бірлескен мобильді топтар құрылды (топ құрамында азаматтық қорғау, Ішкі істер органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және Ормандарды қорғау мекемелерінің қызметкерлері қатарынан 93 адамнан тұратын жалпы 14 топ).

Бүгінгі күнге мобилді топтармен 269 рейд жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар барысында жұмылдыру топтары өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін жалпы сомасы 479 400 теңгеге 30 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығының 183-тармағына сәйкес алау жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылуы тиіс.

Сонымен қатар облыс аумағында орман дала өрттері өтуі ықтимал 520 елді мекендер бар оның ішінде 124 елді мекен орман қоры аумағына шекаралас (50 км дейін) орналасқан.  Олар Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Отырар, Арыс, Ордабасы, Кентау, Шардара аудандарында.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Жетпісбаймен 2020 жылғы 28 қыркүйекте  Түркістан облысы аумағында мемлекеттік өртке қарсы қызметі құрылмаған елді мекендерде  2021-2023 жылдарда кезеңімен өрт сөндіру бекеттерін құру жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес 2022 жылы 10 маусымдық өрт сөндіру бекетін құруды қажет етеді. Қазіргі таңда 6 өрт сөндіру бекеті құрылып, қалған бекет құру жұмыстары қала, аудан әкімдіктерімен жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы жылдары осы құрылған табиғи өрттерді өз күштерімен біздің қатысуымсыз тиісті аумақтардағы өрттерді дер кезінде сөндіруге үлкен септігін тигізді (918 га құрайтын 113 өрт ошақтарын сөндірді).

Алдағы жылыту кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстарды халыққа жеткізгім келеді:Құрметті облыс тұрғындары табиғат аясында яғни орманды алқапта демалыс кезінде, сіріңке мен темекі қалдығын сөндурісіз қалдырмау, сөндірілмеген шоқ қалдықтарын қалдырмау, шыны ыдыстарды құрғақ шөптің үстіне, күн сәулесіне қалдырмау, рұқсат етілмеген жерлерде от жағуға тиым салынады, тез тұтанатын жанармай өнімдері сіңген маталарды тастамау, ауыл шаруашылығы алқаптарында ақаулы техникасын пайдаланбауға кеңес беремін. Кез келген өртті байқаған жағдайда «101» нөміріне хабар беріңіздер.

— электр сымдарын тексеру, ескірген және уақытша схема бойынша салынған электр сымдарын ауыстыру бойынша шаралар қабылдау;

— электр желілерін шамадан тыс жүктемеу, жылыту үшін қолдан жасалған стандартты емес электр жылыту құралдарын пайдаланбау;

— аула аумағын құрғақ шөптен және жанғыш қоқыстардан тазарту, күл жинау үшін қауіпсіз орынды алдын ала анықтау;

— балаларды қараусыз қалдырмаңыз, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мүмкіндігінше терезе ашу шектегіштерін орнатуды сұранамын.

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған