СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін, Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен жемқорлықтың тамырына балта шабылу керек екендігін атап өткен болатын. Осыған орай, бүгін «АМАНАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесе дөңгелек үстел өткізілді. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламаларды орындау жөнінде жүргізілген заңнамалық жұмысқа баса назар аударып, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, онымен барынша күресу керектігі айтылып, өзара пікір алмасылды.

Иә, сыбайлас жемқорлықпен күрес дамушы мемлекет үшін ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық қоғамда тамыр жайып, мол қаржы және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерде жиі бой көрсетіп, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

Бүгінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер барлық салаларда жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде ел болып, қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Парақорлық мемлекеттік органдардың жауапты қызметтерін адал атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына дейін жеткізеді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттің органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Сондықтан да Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған