САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ БҰРУ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕТІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Түркістан су» МКК-ның суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суларды бұру қызметтері бойынша 2021 жылға тарифтік сметасын орындау туралы есебіне талдау жасады.

Талдау барысында субъект суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суларды бұру бойынша қызметті ұсыну жөніндегі тарифтік сметада көзделген шығындардың баптарын толық көлемде орындамағаны анықталды, бұл негізсіз кіріс алуына әкеп соқты.

Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шаралар қабылдады.

Нәтижесінде, «Түркістан су» МКК-ның тұтынушыларына суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тарифті 1000 теңге м3 үшін 77,17-ден 74,39 теңгеге дейін немесе 3,6%-ға уақытша төмендету арқылы 7 644 300 теңге, сарқынды суларды бұру қызметіне тарифті 1000 теңге м3 үшін 110,12-ден 105,38 теңгеге дейін немесе 4,3%-ға уақытша төмендету арқылы 6 233 154,08 теңге көлемінде сомада негізсіз кіріс қайтарылады.

Бұйрық 2023 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған