КӨМІР ӨМІРІҢІЗГЕ ТЕК ЖЫЛУ СЫЙЛАЙДЫ!

2022-2023 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздік профилактикасын жүргізу іс-шаралары жалғасуда. Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі және №12 Өрт сөндіру бөлімі жеке құрамымен бірлесіп Кентау қаласына табиғи газ тартылмаған, тұрғын үйлердің жылыту пештерін қатты отынмен (көмір) жағады. Сондықтан түсіндірме жұмыстары көмірқышқыл газымен улану, жылыту пешін жағарда құбырды тазалау өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыптарында тұрғындарға үгіт-насихат түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Апта сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, жадынама парақшалары тұрғын үйлерге таратылуда.

Жылыту кезеңінің басталуымен қатты отынмен жанатын пештерді қатаң бақылауға алып, өзіңізге де басқаларға да зардап әкелмеу үшін дұрыс жұмыс істеу қалпын тексеріп алу қажет.

Көміртегі тотығы  (СО) түссіз, иіссіз, дәмсіз газ болғандықтан оны көру де, тыныс алу мүшесі арқылы сезу де мүмкін емес. Тыныс алу кезінде сезіне алмағандықтан, адам өзінің уланғанын байқамайды. Көміртегі тотығы – көміртегі диоксиді пайда болғанға дейін көк жалын болып жанады. Қатты отынмен жанатын пештерде көмірдің көгілдір жалыны әрқашан көмір қышқыл газдың бар болуының белгісі. Түтін құбырдың дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан немесе пештің қақпағын мезгілінен бұрын жауып тастаған жағдайда осы газбен адамдардың улану қаупі арта түседі. Көміртегі тотығы  – ең алдымен адам ағзасындағы қанды, сондай-ақ жүйке жүйесін, бұлшық етті, жүректі уландыратын өте күшті у. Ол өкпе арқылы тез арада қан клеткаларына кіреді де оның құрамындағы оттегіні ауыстырады. Соның салдарынан оттегі жетіспеушілігі (гипоксия) пайда болады. Қандағы оттегінің төмен болуына байланысты тұншығу орын алып, оның соңы қайғылы жағдайға апарады.

Улану бензин қозғалтқышы жұмысында, табиғи газдың жануында, пеш жабдығы бұзылғанда, маңайдағы кейбір өндірістік объектілерде өрт болғанда болуы мүмкін. Көп жағдайда көмір қышқыл газбен улану нәтижесінде өлімнің айтарлықтай саны нашар желдеткіші бар жабық орын-жайларда тіркеледі.

Назар аударатын бір жайт, әйелдер бұл уланудың улы әсеріне ерлерге, ал балалар қарттарға қарағанда төзімді келеді. СО тұрмыстық улану жағдайында ата-аналары қаза болып, емшектегі балалар аман қалған жағдайлар тіркелген. Әсіресе оған жасөспірімдер мен жүкті әйелдер сезімтал. Бронхит, демікпе, жүрек-тамыр аурулары, өкпе, бауыр аурулары, қан айналымы, диабет, анемия ауруларымен ауыратын адамдар, сонымен қатар темекі шегетіндер улануды ауыр көтереді.

Көмір қышқыл газбен уланғанда шұғыл көмек көрсете білу керек. Егер ауадағы көміртегі оксиді (10 мг/л астам) болса, адам есін бірден жоғалтады, сіңірі тартылады да оның соңы ажалға апарады. Бірақ уланудың  симптомдары көбіне біртіндеп дамиды.

Уланудың ең алғашқы белгілері болғанда газдалған орын-жайдан бірден шығып кету қажет. Көрудің төмендеуі, құлақтағы шу, көзге жылтылдау, жүректің айнуы, есту қабілетінің төмендеуі, маңдай маңындағы жеңіл ауру, бас айналу, самай тамырының соғуы, жөтел, түшкіру, қозғалыс үйлестігі мен аналитикалық ойлаудың төмендеуі байқалған жағдайда, бұны уланудың алғашқы белгісі ретінде қабылдауға толық негіз бар.

Егер көміртегі оксиді газының әсері жалғасса жалпы әлсіздік дамып, тамыр соғысы жиілейді, құсу басталады, алайда адам есін жоғалтпайды, есту және көрнекі галлюцинацияларды ілестіретін қоздыру болуы ықтимал. Ол енжарлыққа, апатияға, ұйқышылдыққа әкеледі. Одан әрі уланған адам есін жоғалтады, терісі қызарады, көздің қарашығы кеңейеді.

Қате пікірге алданып қалмаңыз. Көміртегі қышқылы газының әрекетінен ауыз бен мұрынды дымқыл шүберекпен жабу арқылы өзін қорғау мүмкін емес. Көміртегі оксидінен не құрғақ, не дымқыл шүберекпен, не респиратормен, тіпті газ маскасымен қорғана алмайтыныңызды және ол оттегі мен көмір қышқылы газына ұқсас екенін қатаң есте сақтаған абзал. Мұндай қате түсінік жайында өзіңіздің жеке өміріңізді ғана емес, сондай-ақ жақын маңдағы адамдардың өмірін де қорғау үшін жария ете жүргеніңіздің пайдасы мол.

Зардап шегушілерге көмек жедел әрі нақты болуы керек. Жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушіні мүмкіндігінше тез ауаға шығарып, тыныс алуға кедергі келтіретін киімнен арылту керек: денеге ыңғайлы болу үшін дереу жағаны, белбеуді босатқан дұрыс. Тыныштық талап етіледі, басы мен кеудесіне суық компресс қояды, алайда, бұл жағдайда адамның салқындап қалу қаупін де қаперде сақтаған жөн.

Есте сақтаңыз! Оттектің жетіспеушілігіне әсіресе орталық жүйке жүйесі сезімтал, тез арада есін жоғалтуы, өмірлік маңызды функциялардың бұзылу мен жүректің тоқтау ықтималдығы жоғары.

Жүрек қызметінің тоқтауының алғашқы белгілері көз қарашығының кеңеюі, ұйқы артерияларындағы қан тамыр соғуының жоғалуы, тыныс алудың тоқтауы мен қалшылдаған сирек демалуы, рефлекстің жоқтығынан байқалады.

Тыныс алу тоқтағанда немесе тыныс алу бірден бұзылса жасанды тыныс жасау қажет. Жүрек қызметін қалпына келтіру үшін жүрекке тікелей массаж бен жасанды тыныс көмегін жасай білу қажет. Массажды ырғақты, шұғыл қимылмен жасаңыз, екі қол алақанының жұмсақ бөлігімен 3-4 см шаншып басыңыз да қолды тез алыңыз. Жасанды тыныстың ырғағы осы ретте: кеуде клеткасын әрбір 57 рет басу өкпеге ауа жіберу жүрек қызметі мен тыныстың қалпына келуіне дейін. Бұның бәрі адам өмірін ажалдан арашалап қалуға көмектеседі.

Бастысы  – қатты отынмен жанатын пеш жабдықтарын ұстауда немқұрайлылық мерзімнен бұрын қазаға әкелетінін ұмытпаңыз. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай білсеңіз, көмір өміріңізге тек жылу сыйлайды!

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған