ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Жер сілкінісі аяқ асты қозғалыстан немесе жер қабаты мен мантияның жоғарғы бөліктерінің бөлінуінен пайда болады. Үлкен қашықтықта діріл ретінде жететін жер асты дүмпулері және жер бетінің дірілі.

Жер сілкінісінің ошағы – жер сілкінісін алып жүретін алғашқы өзгертулері бар кеңістік (көлем).

Жер сілкінісінің гипоцентрі (жер сілкінісінің жер астындағы басталған орны) – жарылыс немесе қозғалыс басталатын жер қабығының ішіндегі орын.

Жер сілкінісінің эпицентрі – жердің үстіңгі қабатындағы гипоцентр проекциясы.

Жер сілкінісінің магнитудасы, Рихтер магнитудасы – жер сілкінісі кезінде бөлінетін энергияның мөлшерін сипаттайтын шама. Афтершоктар – жер сілкінісінің негізгі соққысынан кейін жүретін ошақтық аймақтың ең әлсіз энергиялары. Афтершоктар барлық күшті жер сілкіністерін алып жүреді.

Форшок – негізгі түрткінің әсерінен бір ошақ аймағында пайда болатын жер астындағы әлсіз соққылар.

Сейсмология – жер сілкінісі, олардың ошақтары және толқындарының Жер қойнауларында таралуы туралы ғылым.

Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі, жарылыс, соққы және олардың Жерге таралуы нәтижесінде пайда болатын серпінді толқын.

Болған жерін қиратып, жайпап кететін, алдын ала болжалуы қиын табиғи апат – жер сілкінісі болып табылады. Жер сілкінісі кенеттен пайда болатын және тез таралатын табиғи апатқа жатады. Осы уақытқа дейін дайындық және эвакуациялық (көшу) шараларын жүргізе алмағандықтан, жер сілкінісі нәтижесінде үлкен экономикалық шығынға және көп адамдардың құрбан болуына алып келуде.

Жер сілкінісі қалалардың қирауына, адамдар мен жануарлардың опат болуына алып келеді. Жер сілкінісі нәтижесінде сан түрлі зардаптар –ғимараттардың бұзылуы, өрттер, опырылып құлаулар, селдер, су тасқындары, цунами және көшкіндер туындайды.

Сонымен қатар жер сілкінісінің зардабы Жердің бетінде жыралардың пайда болуына, жер беті қабаттарының (шөгінді жыныстардың қалың тығыз қабаты) жылжуына, таулардың опырылып құлауына және көшкіндердің пайда болуына, су көздерінің, көлдердің жоғалуына немесе пайда болуына, теңіз жағалауларының құрғауына және тасуына т.б. алып келеді.

Күшті жер сілкінісі кезінде әйнектер сынады және ұшады, сөрелердегі заттар құлайды, жиһаздар теңселеді және құлайды, төбедегі сылақ түседі, ал қабырғаларда жарықтар пайда болады. Мұның бәрі құлақ тұндыратын шуылмен өтеді. Оншақты сілкіністің өзі бүкіл ғимараттарды қиратады. Сілкініс ұзаққа созылған сайын, зақым күшейеді.

Жер қыртысы сілкіністерді толассыз сынақтан өткізеді, бірақ адамдар бұл сілкіністердің тек бір бөлігін ғана сезеді. Жыл сайын арнайы құралдар арқылы әлемде жүз мыңдаған жер сілкінісі тіркеледі, олардың ішіндегі 20 мыңдайы қиратқыш сипатқа ие. Әлсіз жер сілкінулер толассыз болып отырады, әлемдік станциялар орта есеппен әр 5 минут сайын бір жер сілкінісін тіркейді.

ЖЫЛ САЙЫН ЖЕР ШАРЫНДА БОЛАТЫН ЖЕР СІЛКІНІСТЕРІНІҢ ОРТА ЕСЕБІ

Жер сілкінісінің сипатыЖылдық саны
Ауыр апаттылары1 ден көп емес
Кең көлемді қирату тудыратыныШамамен 10
Қирату зардаптары барыШамамен 100
Жекелей зақым келтіретіндер1000
Қирату тудырмайтындары10000
Қазіргі заманғы құралдармен тіркелетіндер100000

Қазіргі заманғы білім және техника деңгейі жер сілкінісіне сенімді болжам жасай алмайды, сондықтан жер сілкінісі қатерінің алдын алу әрекетіне көшу қажеттілігі туындап отыр.

Қазақстан ғаламшардағы күш мөлшері әртүрлі күш мөлшеріндегі жер сілкінулері болуы мүмкін (әлсіздерден апаттыларға дейін) белсенді сейсмикалық аймаққа жатады.

Соңғы жүз жылда аймақта көптеген апатты жер сілкіністері болды. Осындай күшті жер сілкіністері XIX ғасырдың соңында және XX ғасырдың басында қазіргі Алматы аумағында болды. Шамамен Қазақстан Республикасының аумағының 30% 6-дан 9 балға дейін күшті жер сілкінісі болуы мүмкін сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Бұл жерде шамамен 6 млн. астам адам өмір сүреді.

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК?

Адамдар табиғи апаттардан, оның ішінде жер сілкінісінен туындайтын төтенше жағдайларды тоқтата алмайды, бірақ саналы түрде әрекет етіп, өмірді сақтауға және тәуекелдерді, заттық және адамгершілік нұқсандарды төмендетуге болады. Сейсмоқауіпті аймақта тұратын әрбір адам болуы мүмкін жер сілкінісіне дейін және жер сілкінісі кезінде өз әрекетін саналы және жүйелі түрде жоспарлай алады. Егер сіз өзіңіз болатын орындарда үйде, мектепте, көшеде, дүкенде, автокөлікте және басқа да орындарда өзіңізді қалай ұстау керектігін алдын ала ойластырсаңыз, сізде ақылды әрекет жасайтын сабырлық пен қабілеттілікті сақтауға көп мүмкіндік болады.

• Ата-аналарыңызбен және мұғалімдеріңізбен бірге жер сілкінісі кезінде үйде, мектепте, кинотеатрда, театрда, көлікте және көшеде, сонымен қатар жер сілкінісі болмастан бұрын және болғаннан кейін қалай әрекет жасау керектігі туралы жоспарды ойластырыңыздар.

• Пәтердегі, мектептегі, көшедегі қауіпсіз орындарды анықтаңыздар.

• Отбасы мүшелеріңізбен алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін талқылаңыздар.

• Жер сілкінісі кезінде отбасы мүшелерінің әрқайсысы әр жақта жүрген жағдайда, қалай және қайда кездесетіндеріңізді анықтаңыздар.

• Жер сілкінісі біткеннен кейін, сіз өзіңіздің қайда екеніңізді және жағдайыңызды хабарлау үшін қоңырау шалатын досыңыздың немесе туысыңыздың нөмірін таңдап жазып қойыңыздар.

Қүжаттарды, ақшаларды, қалта шамын (жылжымалы электр фонары) және қосымша батарейкаларды, дәрі қорапты, ысқырықты, сонымен қатар қажетті телефон нөмірлерінің тізімін қолайлы орынға қойыңыздар.

• Үйде бірнеше күнге жететін ауыз су және азық-түлік сақтаулы тұруы

керек.

• Үлкендерден кереуеттерді терезенің және сыртқы қабырғалардың жанынан алыс қоюды, пәтерге кіретін жолға және дәлізге заттарды үйіп тастамауын өтініңіздер.

• Пәтердегі шкафтарды, сөрелерді ата-аналарыңызбен бірге шегелеп бекітіңіздер, ал жоғарғы сөрелердегі және антресольдердегі ауыр заттарды алып тастаңыздар.

• Қауіпті заттарды (улы химикаттарды, тез тұтанғыш сұйықтарды) жақсы оқшауланған сенімді орында сақтаңыздар.

• Электрді, газ бен суды өшіру қажеттілігі туындаған жағдайда, ажыратқыштың, газ және су шүмектерінің қайда орналасқанын білу керек.

ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Ғимараттың шайқалуын сезгенде, шамдардың теңселгенін, заттардың құлағанын көргенде, күшейіп жатқан гуілді және сынып жатқан әйнектің дауысын естігенде, үрейленбеңіздер!

Егер сіздердің үйлеріңіз бірінші қабатта, далаға шығар есіктің жанында болса, онда құжаттарды, ақшаны, қажет заттарды алып, ғимараттан тез шығыңыздар.

• Далаға шыққаннан кейін – ғимараттан алыс және ашық жерге барып тұрыңыздар, тұйық көшелерден аулақ болыңыздар.

• Үзілген сымдардан сақтаныңыздар.

• Сабырлылық сақтаңыздар және басқаларды да тыныштандыруға тырысыңыздар.

ЕГЕР СІЗДЕР ҒИМАРАТТЫҢ ІШІНДЕ ҚАЛЫП ҚАЛУҒА МӘЖБҮР БОЛСАҢЫЗДАР, ОНДА:

• Отырыңыздар да бастарыңызды бір қолдарыңызбен жабыңыздар, ал екінші қолдарыңызбен берік орнатылған бір заттан ұстаныңыздар.

• Қауіпсіз жерлерге: негізгі ішкі қабырғаның жанына, негізгі қабырғаның бұрышына, есіктің жақтауына немесе негізгі тіреуіштің жанына тұрыңыздар.

• Егер мүмкін болса, үстелдің астына тығылыңыздар – ол сіздерді құлап жатқан заттар мен сынықтардан қорғайды.

• Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс болыңыздар.

• Майшамдарды, сіріңкені, оттықтарды қолданбаңыздар, электр қуатын қоспаңыздар – газдың шығып кету салдарынан өрт тұтануы мүмкін.

ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ МЫНАЛАРДЫ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ:

• Үрейленіп жүгіру.

• Есікте кептеліс жасау.

• Лифтіні қолдану.

• Баспалдақ аралығына шығу.

• Балконға шығу.

• Жоғарғы қабаттардың терезелерінен немесе балконнан секіру.

• Майшамдарды, сіріңкені, оттықтарды қолдану, электр қуатын қосу

Егер сіздер автокөлікте болсаңыздар, онда:

• Ашық жерге барып тоқтаңыздар, бірақ соққылар тоқтағанға шейін көліктеріңізді тастамаңыздар.

• Басқаларға көмек көрсетуге дайын болыңыздар.

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Дүмпулердің тоқтағанын тосыңыздар.

Жер қыртысы дүмпулері тоқтағаннан кейін, мүмкін, сіздер елеулі қиратулар мен зардап шеккендерді табатын шығарсыздар.

Сабырлық сақтаңыз, көмекке шақырыңыз.

Еденді тарсылдатып ұрыңыз немесе Сізді тауып алғанға дейін дауыс беріп тұрыңыз.

Мүмкіндігінше езіңізге өзіңіз медициналық көмек көрсетіңіз.

Есіңізде болсын, от жағуға болмайды, унитаздың күбішесіндегі суды ішуге болады, ал құбырлар мен батареяларды дабыл беруге қолдануға болады.

Күшіңізді үнемдеңіз. Адам тамақсыз жарты ай шыдай алады.

Есіңізде болсын: көмек міндетті түрде келеді, ең бастысы – оны күту керек.

Күшті қайталама дүмпулерге дайын болыңыздар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған