ДҰРЫС ЕМЕС АҚПАРАТ БЕРГЕН КЕЗДЕ ТҰТЫНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БҰЗЫЛАДЫ

Күн сайын дерлік біз әртүрлі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып аламыз, бірақ олар әрдайым сапалы бола бермейді. Кейде сатып алушының құқықтары сатып алудан бұрын, сатушылар тауардың техникалық сипаттамалары туралы дұрыс емес ақпарат берген кезде бұзылады.

Бұл ретте, соңғы уақытта әртүрлі салаларда тұтынушылардың құқықтарын бұзу жағдайлары жиілеп кеткенін атап өткен жөн, осыған байланысты уәкілетті органға өтініштер саны жыл сайын артып келеді.

Осыған байланысты тұтынушыны нарықтық қатынастарда барынша қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырылады. Осы ретте, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша уәкілетті орган заң жобасын әзірледі, ол елдің ақпараттық саласында белсенді талқыланып және мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталуда. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасына оралсақ, оның негізгі аспектілерін атап өткен жөн.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу және заңнамалық бекіту есебінен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін институционалдық күшейту. Омбудсмен институтының бірқатар елдердің қоғамдық-саяси жүйесіне қосылуы, ең алдымен, мемлекет пен қоғамның қызметі саласындағы қоғамдық институттардың жандануымен түсіндіріледі. Мысалы, Қазақстанда бизнес-қоғамдастық құқықтары мәселелерімен бизнес-омбудсмен айналысады, банк конгломераты мен сақтандыру ұйымдарының құқықтары мәселелерімен осы қызметке сәйкес келетін омбудсмендер айналысады. Айта кету керек, аталған институттар заңнамалық актілермен бекітілген. Егер тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы туралы айтатын болсақ, онда елдегі бизнесті ырықтандырудың белсенді саясаты және тұтынушылардың құқықтық мәдениетін арттыру оған омбудсмен институтын енгізу үрдісіне ықпал етеді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институтының міндеті 19 млн тұтынушының әрқайсысын тыңдау, қызмет барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының жүйелік проблемаларын зерделеу және анықтау, сондай-ақ тұтынушылардың дауысы ретінде қызмет атқару, бұл туралы Мемлекеттік биліктің ең жоғарғы эшелондарына мезгіл-мезгіл тікелей баяндау, осы проблемаларды шешу жөніндегі ұсыныстар енгізу болып табылады.

Омбудсмен институтының функцияларына кәсіпкермен туындаған тұтынушы құқықтары мәселелері бойынша сотқа дейінгі реттеу, әйтпесе – тұтынушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін талап қоюмен сот органдарына жүгіну, егерде тұтынушылардың құқықтарына нұсқан келтіруі мүмкін болса немесе олардың мүдделерді қозғалса, әзірлеуші мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің салалық жобаларын әзірлеуге белсенді қатысу, азаматтарды тұтынушылардың құқықтары мәселелері бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру  және ағарту болып табылады.

Тұтастай алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға ұсынылатын түзетулер тұтынушының қанағаттанушылығын қамтамасыз етіп, әлеуметтік тепе теңдікті қалыптастыруда оң нәтиже береді. Әзірленген жаңашылықтарды заңнамалық тұрғыдан бекіту тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін неғұрлым жоғары сапалы деңгейге көтереді және қазақстандықтардың өмірінде жағымды өзгерістерге әкеледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған