Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті тұрмыстық газдың ағуы улануға əкеліп соғатынын жəне оның соңы жарылыспен аяқталуы мүмкін ескертеді!
ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗДЫҢ АҒУ СЕБЕПТЕРІ:
– портативті керосин немесе газ жылытқыштар;
– газ құбырларындағы герметикалық емес шлангілер мен қосылыстар;
– үй-жайды жылыту үшін тұрмыстық газ құрылғылары мен плиталарды пайдалану;
– газ құрылғыларындағы жабылмаған крандар жəне газ баллондарының вентильдері;
– қараусыз жұмыс істейтін газ құрылғылары;
– ақауы бар газ құрылғыларын пайдалану;
– дұрыс орнатылмаған ас үй плитасы немесе вентиляция.
ГАЗ ИІСІ БОЛСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
ПӘТЕРДЕ:
– газ құбырындағы вентильді жабыңыз;
– жарықты немесе тұрмыстық техниканы қоспаңыз ұшқын жарылысқа əкелуі мүмкін;
– терезелерді дереу ашып, өтпе жел (сквозняк) ұйымдастырыңыз;
– пəтердегі электр қуатын өшіріңіз, ал газдың үлкен мөлшерде шығып кетуі жағдайында – кіреберісте өшіріңіз;
– барлық телефондарды өшіріңіз, өйткені олар «ұшқындайды»;
– сыртқа шығыңыз;
– 104 телефоны бойынша апаттық қызметке қоңырау шалыңыз.
КІРЕ БЕРІСТЕ:
– ешкім тұтанған темекімен ішке кірмеуі үшін кіреберісті бақылауда ұстаңыз;
– үй-жайдан шығып, 104 телефоны бойынша газ қызметін шақырыңыз;
– тұрғындарға ықтимал қауіп туралы ескертіңіз;
– электр қуатын өшіріңіз.
Газдалған бөлмеге кірген кезде оларды автоматты түрде тұтатпау үшін қалтадан сіріңке, оттықтарды тастау керек!
ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
– жанып жатқан газды өз бетінше сөндіруге тырысуға (ол жанып тұрған кезде – бұл қауіпті).
– газ құбырларын жөндеуге тырысуға;
– газдалған бөлмеде от немесе электр жарығын жағуға.
Оттан жанған газ баллонын алып жүруге тыйым салынады. Оның жарылуы мүмкін.
Газ жабдықтары жақсы желдетілетін ауа алмасатын үй-жайда жұмыс істеуі керек!
Газ иісін сезсеңіз немесе газ құрылғыларына қатысты ақаулықты байқасаңыз 104 (газ қызметі) немесе 112 (құтқару қызметі) нөміріне қоңырау шалыңыз!