АВТОКӨЛІКТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ!

Ауа райы суық болуына байланыста көлікті жылыту мақсатында әдеттегіден көбірек қосып қоюға тура келеді. Ал көлікте ақау болса, оның соңы өртке ұласуы мүмкін. Иә, көбінесе өрттің себептері электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі және газ баллонды жабдықтың дұрыс орнатылмауы, сондай-ақ техникалық тексерудің дұрыс жүргізілмеуін орын алады. Сондықтан да Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды еске салады.

Егер көлік қозғалыс кезінде жанса, келесі әрекеттерді орындау керек:

– дереу тоқтап, жолаушыларды көліктен шығарып алуға тырысыңыз;

– кезекші қызметтердің 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз, сондай-ақ жақын маңдағы адамдардан көмек сұраңыз;

– қозғалтқышты сөндіріп, капотты ысырмалардан босатыңыз, аккумуляторды ажыратыңыз және өрт сөндіргішті қолданыңыз. Тез тұтанатын сұйықтықтар мен электр жабдықтарын сөндіруге арналған кемінде бір литр өрт сөндіргішті өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады. Өрт сөндіргіштің көлемі неғұрлым көп болса, өрттің алдын алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады;

– қозғалтқыштағы өртті өшіру үшін суды қолдаңбаңыз, ол электр сымдарының қысқа тұйықталуына және жанған жанармай көлемінің үлкеюіне әкелуі мүмкін;

– егер өрт сұйық отын орналасқан көліктің артқы жағына таралса, дереу көліктен алыстаңыз;

– егер автокөлік гаражда өртеніп жағдайда, оны сыртқа итеріп сөндіріңіз;

– егер сіз сол сәтте маймен немесе бензинмен жұмыс істеген болсаңыз, өртті сөндіруге тырыспаңыз. Өзіңіздің де зардап шегуіңіз мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған