Су тасқыны Қазақстанның көптеген өзендерінде белгілі бір дәрежеде байқалады және саны бойынша және келтірілетін материалдық залал бойынша дүлей апаттар қатарында алғашқы орындардың бірін алады.
ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰЛАҚТАНДЫРУЛАРЫ МЕН ХАБАРЛАМАЛАРЫНА МҰҚИЯТ БОЛЫҢЫЗ!
Жақындап келе жатқан су тасқыны туралы халықты құлақтандырған жағдайда, сондай-ақ оның алғашқы белгілері кезінде:
– суды, газды және электр қуатын өшіріп, жанып жатқан жылыту пештерін сөндіріңіз
– құнды заттар мен керек жабдықтарды ғимараттың жоғарғы қабатына (шатырға) апарыңыз, ауылшаруашылық құралдарын қауіпсіз жерге қойыңыз, тыңайтқыштар мен қалдықтарды көміңіз, жабыңыз
– қажет болған жағдайда үйлердің бірінші қабаттарының терезелері мен есіктерін тақтаймен немесе фанерамен қаптаңыз;
– тіркелу және қауіпсіз ауданға бару үшін эвакуациялық жиналу пунктіне белгіленген мерзімде келіңіз;
– өзіңізбен бірге су өтпейтін пакетке салынған жеке құжаттарды, ақша мен құндылықтарды, медициналық аптечканы, маусым бойынша сыртқы киім мен аяқ киім жиынтығын, төсек жабдықтары мен дәретхана керек-жарақтары, үш күндік азық-түлік қорын алыңыз. Заттар мен азық-түлікті чемодандарға салған дұрыс (рюкзактар, сөмкелер).
ЕГЕР СУ ТАСҚЫНЫ СІЗДІҢ ҮЙІҢІЗДЕ ТУЫНДАСА:
– дүрбелеңге бой алдырмаңыз және ұстамдылықты жоғалтпаңыз;
– ең жақын қауіпсіз биік жерді, ғимараттың жоғарғы қабаттарын, үйдің шатырына мүмкіндігінше тез барыңыз және су арқылы, соның ішінде қолға түскен жүзу құралдарымен эвакуациялауға дайын болыңыз;
– құтқарушыларға сізді уақтылы анықтауға мүмкіндік беретін шаралар қолданыңыз: күндізгі уақытта ақ немесе түрлі-түсті матаны жоғары көрінетін жерге іліп қойыңыз, түнде жарық сигналдарын беріңіз.
– көмек келгенге дейін, егер сізге қауіп төнбесе, өзіңіз таңдаған жерде болыңыз.
Су баспайтын аумаққа өз бетінше эвакуациялауды зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайларда ғана жүргізуге болады. Өздігінен эвакуациялау үшін жеке қайықтар немесе катерлер, бөренелерден және басқа да қолға түскен материалдардан жасалған заттар пайдаланылады. Эвакуациялау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет: жүзу құралдарына бір-бірден кіру, олардың қозғалысы кезінде бортқа отырмау, орындарды ауыстырмау және итермеу.
Егер сіз суда болсаңыз, онда ең жақын сусыз аймаққа ағысқа қарсы емес, оған бұрышпен жүзіңіз. Мұны істеу үшін сізді суда ұстай алатын барлық заттарды қолданыңыз: бөренелер, тақталар, ағаш сынықтары және т.б. Балдырлар немесе шөптер көп жерлерде шатасып кетпес үшін оқыс қозғалыс жасамаңыз.
СУ ТӨМЕНДЕГЕННЕН КЕЙІН:
– ғимаратқа кірер алдында құрылымдардың айқын бұзылмағанына және қауіп төндірмейтініне көз жеткізіңіз;
– ішкі бөлмелерді тексерген кезде темекі шекпеңіз және от жақпаңыз, тек электр шамдарын пайдаланыңыз;
– жыртылған немесе салбырап тұрған электр сымдарынан сақ болыңыз. Электр желісінің жай-күйін мамандар тексергенге дейін электр құралдарын қосуға тыйым салынады!
– су құбыры, газ және кәріз магистральдарының зақымдануы және бұзылуы туралы коммуналдық қызметтерге дереу хабарлаңыз
– ауыз су қорларын тексеріңіз, ал ластанған суды сорып алу арқылы қол жетімді құдықтарды босатыңыз. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тексеру жүргізгенге дейін және ыстық өңдеусіз суға түскен өнімдерді тамаққа пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады!