ҚАРТТАРЫМ – БАЙЛЫҚ БЕРЕКЕМ

Шымкент қалалық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада «Қарттарым байлық берекем» атты мерекелік кеш өтті. Аталмыш шара 1 қазан – қарттар күніне орай ұйымдастырылып, кітапхананың зағип және әлсіз көретін қарияларына арналды.

Кешті арнайы кітапхана директоры Б.Ә.Нұрманбетов пен ҚСҚ ҚБ Түркістан облыстық филиалының төрағасы Н.Ә.Алтынбеков ашып, қарияларды мерекелерімен құттықтап, ақ тілегін арнады. Сондай-ақ кітапхананың ардагер қызметкерлері Ұ.Қалтаева мен М. Дүйсенбиева замандастарына жақсылық тілектер жолдады.

Отырар ауданынан арнайы келген қонақтар талантты әнші Темір ауылдық мәдениет үйінің өнерпазы Ұлжалғас Әбілдахан мен Шоқан Теңлібаев «Беу айдай» «Сайра бұлбұл» әндерін шырқап, көрерменге керемет әсер сыйлады. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншісі Жазира Аралбаева арнайы қатысып, әсем ән шырқап, кештің сән салтанатын кіргізіп, жиналған жұрттың жүзіне шаттық үйірді.

Оқырмандар арасынан ыстық лебізін білдірген Н.Наханов пен Н.Жұмағұлов жастарға қарттардың жолын жалғасын деген ниетпен өсиет қалдырды.

Кеш соңында кітапхана әкімдігі атынан қарияларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Ербек БАКИЕВ,

Шымкент қалалық арнайы кітапханасының

«Тифлология» бөлімінің меңгерушісі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған