АНАНЫҢ ЕҢБЕГІ ҚАНША ТҰРАДЫ?

Үйде бала бағып отырған аналардың еңбегіне ақы төленетін болса, қанша болады деп ойлайсыз? Иә, ол жөнінде ойланып көрмегеніңіз анық. Себебі, аналарымыз ешқашан перзенттерінен ақы талап етпейді. Сондықтан да ол аяулы ана.

Әйтсе де, «Salary.com» әлеуметтік компаниясы жақында үйде отырған аналардың еңбегін есептеу үшін біраз бас қатырып көріпті. Нәтижесі кез келгенді ойландырары хақ.

Егер бала бағып отырған аналарға жалақы төлейтін болса, күнделікті атқарып жүрген күйбең тірліктері үшін кем дегенде айына 5 миллион теңге (13500 доллар) төленуі тиіс екен. Өйткені, олар үйде бірнеше мамандық иелерінің қызметін атқара береді. Психолог, педагог, бала күтушісі, администратор, кітапханашы, жеке бапкер, диетолог, аспазшы, мереке ұйымдастырушы, үй жинаушы, тіпті дәрігер де бола береді.

Компания қызметкерлері бұл қорытындыны шығару үшін үйде отырған мыңдаған аналарға сауалнама жүргізген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған